Жиі қойылатын сұрақтар

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында көп қабатты тұрғын үйлердің маңына спорт алаңшаларын салуыңызды сұранамыз.

Жауап: Қаратау ауданы аумағында спорт алаңшаларын салу мақсатында 11 жер телімі анықталып, қазіргі таңда аталған жер телімдерін заңдастыру жұмыстары жүргізілуде. Жер телімдеріне мемлекттік актілері алынғаннан кейін жобалық-сметалық есептері әзірленіп, құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге ұсынылатын болады.

Аудан аумағындағы көшелерді жарықтандыру жұмыстары атқарылып келеді. Алайда ішкі орам көшелері жарықтандырылмаған. Осы мәселені қолға алсаңыздар.

Жауап: Шымкент қаласының орталық көшелерін жарықтандыру жұмыстары қажеттілігіне орай кезең-кезеңімен атқарылуда. Айта кетерлігі, бірінші кезекте жолаушылар ағыны көп және әлеуметтік нысандар орналасқан көшелерді қамту жоспарланған. Аудан аумағына қарасты 18 елді-мекендегі орталық көшелерге жарықтандыру жұмыстарының ЖСҚ әзірлеуге қалалық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімі тарапынан ұсыныс енгізілді. Аталған жұмыстар бюджеттен бөлінетін қаржы аясында орындалатын болады.

«Достық» шағынауданының ауыз су мәселесі қашан шешіледі?

Жауап: «Достық» шағынауданы Жаңақұрылыс аумағына инженерлік желілердің (ауыз су, электр жарығы, табиғи газ, кәріз) құрылысына жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жобалаушы мекеме «Jer Group» ЖШС. Жобалық-сметалық құжаттамалардың келісім шарт бойынша дайын болу мерзімі 01.12.2017 жыл.

«Таскен» тұрғын алабы жаңақұрылыс аумағындағы көшелерді асфальттап беруіңізді және шағал тас төсеуіңізді сұранамыз.

Жауап: «Таскен» тұрғын алабының Балқыбеков көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттар әзірленіп, бюджеттен жөндеу жұмыстарна қаржы бөлу үшін ұсыныс енгізілді. Сонымен қатар, «Таскен» тұрғын алабының жаңақұрылыс көшелеріне коммуникациялық жүйелер (газ, су, кәріз) жер астыммен толық жүргізілгеннен кейін, жол құрылысына жобалық-сметалық құжаттар әзірлеуге қаржы бөлуге ұсыныс енгізіледі. Жұмыстар бюджеттен қаржы қаралған жағдайда атқарылатын болады.

«Нұрсәт» шағынауданындағы көп қабатты тұрғын үйлер аулаларына балалар ойын алаңшалары және жаттығу тренажерларын салып беру жағын қарастырсаңыздар.

Жауап: Қазіргі таңда 28 аулаға балалар ойын алаңшалары және жаттығу тренежерларын орнату мақсатында жобалық-сметалық есептері әзірленіп бюджетке ұсынылды. Сонымен қатар 7 ауланы толық абаттандыру мақсатында жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп бюджетке ұсынылды. Құрылыс жұмыстары бюджеттен бөлінетін қаржы аясында орындалатын болады.

Аудан аумағындағы көшелер бойына қоғамдық көлік аялдамалары қашан орнатылатын болады.

Жауап: Шымкент қаласының ТҮКШ бөлімі тарапынан Сайрам, Төлеби аудандарынан қосылған елді мекендердің орталық көшелеріне 147 дана аялдама нысанын орнату туралы ұсыныс енгізіліп, қаралған қаржы аясында орындалатынын хабарлаймыз.

«Асар-2» шағынауданының егжей-тегжейлі жоспары қашан бекітіледі?

Жауап: «Асар-2» шағынауданы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 03.09.2012 жылғы №1134 Қаулысымен бекітілген, Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес жобадағы аз қабатты қабатты тұрғын үйлер аумағы болып қарастырылған. Бүгінгі таңда, Шымкент қаласы Асар-2 шағынауданына егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы жасақталып, бекітілу барысында.

Ақжайық шағынауданындағы көшелерге асфальт төсеп берсеңіздер.

 Жауап: Қазіргі таңда, қала аумағында орналасқан тұрғын алаптар мен шағынаудандарда орналасқан көшелерді жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда. Жол жөндеу жұмыстары жер асты коммуникациялық жүйелері (ауыз су, табиғи газ, кәріз) толық жүргізілгеннен кейін атқарылатын болады. Сонымен қатар, Ақжайық шағынауданында 22 көшені  күрделі жөндеу мақсатында, жобалық сметалық құжаттары  әзірленіп, құрылыс жұмыстарына қаржы қаралды. Қазіргі таңда, мердігер мекемені анықтау жұмыстары атқарылуда. Жеңімпаз мекеме анықталуына орай құрылыс жұмыстары басталатын болады.

Тұран шағынауданының ауыз су мәселесі қашан шешіледі?

Жауап: Тұран шағынауданының тұрғындары өз қаражаты есебінен әзірленген ауыз су құбырын жүргізуге жұмыс жобасы бойынша 2017 жылға қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу рәсімі жүргізілуде. Ағымдағы жылдың наурыз айында жеңімпаз мердігер мекемені анықтап, құрылыс жұмыстарын бастау жоспарланған.

Асар-2 шағынауданы инженерлік желілер қашан қамтылатын болады?

Жауап: Асар-2 шағынауданы ауыз су, электр жарығы, табиғи газ және кәріз жүйелерімен қамтамасыз ету мақсатында жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Жобалаушы мекеме «Улмад» ЖШС. Жобалық-сметалық құжаттар мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге қаржы қарастыруға бюджетке ұсыныс берілетін болады.

Мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қандай әлеуметтік көмектер мен жәрдемақылар көрсетілуде?

Жауап: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» №26 бұйрығына сәйкес, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің жеке оңалту бағдарламасы негізінде көрсетіледі.

Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың денсаулығын оңалту үшін өтініштері негізінде тиісті қолдаулар көрсетіліп келеді.

Олар:
– санаторий, курорттарға жолдамалар беру;
– қол арбамен қамту;
– гигиеналық құралдармен қамту;
– протез – ортопедиялық құралдармен қамту;
– жеке көмекші қызметі;
– құлағы нашар еститін азаматтарға ымдау тілі мамандарының қызметі;
– құлағы нашар еститін азаматтарды сурдотехникалық құралдармен қамту;
– көзі нашар көретін азаматтарды тифлотехникалық құралдармен қамту;
– үйде әлеуметтік қызмет көрсету.

Бүгінгі таңда, қаламызда І топ және арбадағы мүгедектерінің тиісті ем қабылдау орындарына тегін жеткізуді қамтамасыз ететін 27 әлеуметтік такси, 10 инва-такси қызметі көрсетіліп келеді.

«Өрлеу» бағдарламасына қатысу үшін қандай құжаттар талап етіледі?

Жауап: Бағдарламаға қатысу үшін төмендегі құжаттарды Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсыру қажет

– Баланың туу туралы куәлігі;
– Жұмыссыз екенін растайтын құжат;
– Еңбек кітапшасы;
– Отбасының әр мүшесін растайтын мекенжай анықтамасы.

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мекен-жайы Шымкент қаласы, Жангелдин көшесі 13 а.

Мемлекеттік тұрғын үй алу кезегіне кімдер тұра алады?

Жауап: ҚР-ның «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67,68,74 баптарына сәйкес, коммуналдық түрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органда тұрғын үй алу тізіміне тіркелуге, осы елді-мекенде тұрақты тұратын, соңғы 5 жыл көлемінде иелігенде жылжымайтын мүлік тіркелмеген:

– Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері,
– жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар,
-халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы,
-мемлекеттік қызметші, бюджеттік мекеме және әскери қызметшілер,
-жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар тиісті құжаттарды жинақтап, халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе «E-gov» электронды порталы арқылы тұрғын үй алу тізіміне тіркелуге өтініш береді.

«Күміс алқа» алу үшін құжаттарымды қайда тапсырамын және қандай құжаттар керек екенін айтып жіберсеңіздер.

Жауап: Жеті және одан да көп бала туып, тәрбиелеп өсірген көп балалы аналарға арналған «Күміс» және «Алтын» алқаға құжаттарды Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратына өткізесіз. Сонымен қатар аудан әкімі атына жазылған өтініш, ананың жеке басы туралы куәлігі, барлық балаларының туу туралы куәлігінің және жеке куәліктерінің көшірмелері, неке туралы куәлігінің көшірмесі, тұрғылықты жері туралы анықтама анаға және балаларға, ата-анасына және кәмелет жасқа толған барлық балаларға соттылығы жоқ/бар туралы анықтамаларды жинап аудан әкімдігіне өткізесіз.

Аудан әкімдігінің мекен-жайы: Шымкент қаласы, «Нұрсәт» шағынауданы 24.

Көшеміздің атауы жоқ, атау берсеңіздер.

Жауап: ҚР Президенті әкімшілігі басшысының 2015 жылғы 30 қаңтардағы №284-2 тапсырмасына сәйкес қазіргі таңға дейін әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау беруге байланысты уақытша тоқтату (мораторий) жарияланған. Уақытша тоқтату мерзімі аяқталғаннан соң, атау беру және қайта атау жұмыстары белгіленген тәртіпке сәйкес тиісті аумақтық әкімшілік тарапынан тұрғындардың келісімімен хаттама толтырылады. Қажетті мәліметтер жинақталып Шымкент қалалық мәслихатының көпшілік тыңдауымен мақұлданып, республикалық ононмастикалық комиссияның қарауына жіберіледі.

Share