Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАМА

«Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі төмендегі жоба бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарлайды: «Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағындағы балалар, спорт және жаттығу алаңшаларын абаттандыру мен күтіп ұстау» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 32 бабында және жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарға сай келетін барлық әлеуетті қатысушылар жіберіледі. Конкурсқа қатысуға және конкурсты ұйымдастырушыға ұсыну үшін қажетті құжаттардың тізбесі мен әлеуетті қатысушыларға қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада көрсетілген.

Конкурстық құжаттаманың көшірмесін сағат 9.00-ден 13.00 дейін және 15:00-ден 18:30 дейін «Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінен келіп алуға болады.

Әлеуетті жекеше әріптес конкурстық құжаттаманың көшірмесін алу уақытында журналға тіркелуі тиіс. Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Бәйдібек би даңғылы 60 ғимарат, 1 кабинет. Әлеуетті жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну мерзімі 2019 жылғы 27 мамыр сағат 16.00-ге дейін «Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде қабылданады.

Біліктілік іріктеуінен өткен әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық өтінімдері 2019 жылғы 5 маусым сағат 16.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Бәйдібек би даңғылы, 60, 1-кабинет. Конкурстық өтінімдер салынған конверттер 2019 жылғы 6 маусым күні сағат     16:00-де (Нұр-сұлтан уақыты) мына мекен-жайда ашылады: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Назарбаев даңғылы 10, Шымкент қаласы әкімдігінің ғимаратында, 2 қабат, кіші залда.

Анықтамалық ақпаратты 8 (7252) 77-46-35 телефоны арқылы алуға болады.

Share