Виртуалды қабылдау

ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ

Толтыру

Сұрақ:(Анонимно)
Мен Қаратау ауданы Ақжайық шағынауданының тұрғынымын. Бізде маршрут мәселесі өте қиын. Дулати көшесімен 3 маршрут жүреді, №17б маршрут-«Достыққа», №70 маршрут «Қайнарбұлаққа», №8 маршрут «Асарға» барады, микрорайондарға ешқандай автобус жүрмейді, жұмысқа пересадка арқылы барамыз.
Жауап:
Қазіргі таңда, «Ақжайық» шағынауданында Сырым Батыр көшесімен №17б, №70 автобус, №87, №8 шағын автобус бағыттары, Төлеметов көшесімен №103 автобус бағыты жолаушылар тасымалдау қызметін атқарады. Сонымен қатар, жолаушылар ағынына сәйкес жаңа әлеуметтік маңызы бар №149 автобус бағыты Төлеметов көшесінен кіріп Ақжайық шағынауданында орналасқан №88 жалпы орта мектеп арқылы өтетін болып ұйымдастырылды.
Ал «Ақжайық» шағынауданынан Рысқұлов көшесінің бойындағы шағынаудандарына бір бағыттан екінші бағытқа аусып баруға болатындығын хабарлаймыз.

Сұрақ:(Анонимно)
Біздің көшелерімізде ат қойылмаған, мен Ә.Еділбаев көшесінің 5 көшесінде тұрамын, 4 – көшеге және 6 – көшеге атау берілген, біздің көшенің атауы жоқ, жедел жәрдем шақыру кезінде қиындықтар туындайды.

Жауап:
Сіздің жоғарыда аталған атауы жоқ көшелерге атау беру бойынша 2018 жылы хаттама толтырылып ұсыныс берілген болатын.

 

 

Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің

2018 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен

есепті кездесу барысында қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға

ЖАУАПТАР

 

Ауыз су, электр жарығы, табиғи газ мәселелері

 

  1. Сұрақ. – «Шапырашты», «Өтеміс», «Сайрам», «Қызыл су» және «Исфиджаб» тұрғын алабтарындағы тұрғындардың көпшілігі ауыл шаруашылығымен күн көреді. Ал, осы тұрғын алаптардағы арық, каналдардың жағдайы өте нашар. Осыған орай, каналдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұраймын.

Ахматханов Хусанхан Мұзаппарханұлы – қалалық мәслихат депутаты, Бекбосынов Нұрмахан Баймаханұлы – «Шапырашты» тұрғын алабының биі, Райымбеков Бердалы – «Өтеміс» тұрғын алабының биі.

Жауап. – Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы тарапынан, Қаратау ауданы аумағында орналасқан «Шапырашты», «Өтеміс», «Сайрам», «Қызылсу» және «Исфиджаб» тұрғын алабындағы каналдар бойынша 2019 жылғы жоспарға сәйкес, Қызылсу, Жаңа Сайрам-су оң жағалау, Мешіт, Сай (төменгі) Ұлық, Ұлық-2 және Ханка каналдарының                 69,0 м3 күл қоқыстан тазалап, автокөлікпен полигонға шығару жоспарланған.

Жаңа Сайрам-су оң жағалау және Сай (төменгі) каналдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттар дайындау мақсатында қаржы қарастырылған.

Шапырашты мен Өтеміс каналдарына жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптама қорытындысын алу үшін тиісті мекемеге құжаттар тапсырылды. Құрылыс жұмыстарын жүргізуді 2019 жылдың жоспарына енгізу қарастырылған.

  1. Сұрақ. – «Сайрам», «Өтеміс», «Шапырашты», «Исфиджаб» тұрғын алабтарында ауыз су тәулік бойы тұрақты түрде берілмейді. «Сайрам» тұрғын алабында құрылыс жұмыстары 10 жылдан бері жүріп жатыр. Құрылысы біткен нысандарды қалалық құзырлы басқармаларға тапсырып, тұрғындарды тәулік бойы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді сұраймын.

Ахматханов Хұсанхан Мұзафарханұлы – қалалық мәслихат депутаты, Әссәнди Әсет – «Дидарбек.кz» ақпараттық порталының бас редакторы, Райымбеков Бердалы – «Өтеміс» тұрғын алабының биі.

Жауап. – Шымкент қаласы, «Сайрам» тұрғын алабын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында мердігер мекеме «ЕвроремонтСервис» ЖШС-гі                  2-кезеңде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде. Жұмыстарды ағымдағы жылдың шілде айында аяқтап, тамыз айында іске қосу жоспарлануда.

«Сайрам» тұрғын алабы 3-кезеңінде ауыз сумен қамту үшін жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.   «Өтеміс», «Шапырашты», «Исфиджаб» тұрғын алабын ауыз сумен қамту үшін 2022 жылы магистралдық суаққы құрылысын салуға ЖСҚ-ын әзірлеу жоспарға қойылған.

  1. Сұрақ. – «Достық» шағынауданының Жаңақұрылыс аумағындағы тұрғындарды мемлекеттік сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді сұраймын.

Әссәнди Әсет – «Дидарбек.кz» ақпараттық порталының бас редакторы.

Жауап. – «Достық» шағынауданының Жаңақұрылыс аумағын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан жобалау-сметалық құжаттары әзірленді. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы қаралып, мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, мердігер анықталып, құрылыс жұмыстары өнідірістік кестеге сәйкес жүргізіледі.

  1. Сұрақ. – «Асар» шағынауданында ауыз су бағасы өте қымбат болғандықтан бақшамызды суара алмай отырмыз. «Асар» шағынауданындағы техникалық судың скважинасын реттеп, көктем-жаз мезгілдерінде үйлерге су жүргізіп берсеңіздер?

Aязбеков Сейдахан – «Асар» шағынауданы, №1017 үй.

Жауап. – Қазіргі таңда «Асар» шағынауданындағы техникалық су ұңғымаларын қайта қалпына келтіріп, іске қосу үшін «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің меншігіне өткізу жұмыстары жүргізілуде.

  1. Сұрақ. – «Қайнарбұлақ» тұрғын алабындағы Жаңақұрылыс аумағына (Қайнарбұлақ тас жолының екі жақ беті) ауыз су, электр жарығы, газ мәселесін шешіп берсеңіз.

Шыңғысбаев Саят – «Қайнарбұлақ» саяжайы тұрғыны, Құсанова Гүлғайша Әлібекқызы – «Қайнарбұлақ», Жаңақұрылыс аумағы, Михина В.К. – дача «Кайнар-Булак», ул. Ореховая 123.

Жауап.-Шымкент қаласының «Қайнарбұлақ» тұрғын алабында табиғи газдың магистралдық жүйелерінің жұмыс жобасы әзірленіп, сараптама қарауынан өтіп, оң қорытындысы алынды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы қарастыру үшін бюджеттік өтінім берілген. Қаржы қаралған жағдайда мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіледі. Мердігер мекеме анықталғаннан соң мердігер мекеме тарапынан табиғи газ жүйелерінің құрылысы басталады.

Электр жүйелерінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Жұмыс жобасы әзірленгеннен соң жұмыс жобасы сараптама қарауына жолданады. Сараптама қарауының оң қорытындысы алынғаннан соң, құрылыс жұмыстарына қаржы қарастыруға бюджеттік өтінім беріледі. Қаржы қаралған жағдайда құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес, Шымкент қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан «Қайнарбұлақ» тұрғын алабына жеткізуші магистралды суаққының құрылысы жүргізілгеннен кейін «Қайнарбұлақ» тұрғын алабы ауыз су жүйелерімен қамтылады.

  1. Сұрақ. – «Азат» шағынауданы Жаңақұрылыс аумағында ауыз су, газ, жарық жекеменшікте, мемлекет балансына алынса екен. Тұрғындардың қалтасы көтермейді.

Сәбитова Әлия, Шыныбеков Бәкір – «Азат» шағынауданының тұрғындары.

Жауап. – Шымкент қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан «Азат» шағынауданын сапалы инженерлік инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Жобалаушы мекеме «Су жоба құрылыс» ЖШС. Жобаның аяқталу мерзімі 01.09.2019 жыл. Аталған жұмыс жобасы аяқталғаннан соң, сараптама қарауына жолданады. Сараптама қарауының оң қорытындысы алынған соң, құрылыс жұмыстарына қаржы қарастыру үшін бюджеттік өтінім беріледі. Қаржы қаралған жағдайда құрылыс жұмыстары басталады.

  1. Сұрақ. – «Асар-2» шағынауданы бойынша мемлекет тарапынан электр жарығы, ауыз су, газ, кәріз жүйелері, орталық көшені асфальттау, топырақ көшелерге шағал тас төсеу мәселесінің шешілуіне ықпал жасасаңыздар.

Тоғызбаев Мүсірәлі Таласұлы Шымкент қалалық мәслихат депутаты.

Жауап. – Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан «Асар-2» шағынауданының инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысына ЖСҚ әзірленуде. Аталған жұмыс жобасы 4 бөлімнен тұрады: Ауыз су, кәріз, электр жүйелері және табиғи газ. Қазіргі таңда электр жүйелерінің құрылысына қаржы қаралып, мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Мердігер мекеме анықталғаннан соң құрылыс монтаж жұмыстары жүргізіледі. Кәріз жүйелерінің құрылысына жұмыс жобасы әзірленіп, құрылыс жұмыстарына бюджеттік өтінім берілді. Қаржы қаралған жағдайда құрылыс жұмыстары басталады.

Ауыз су жүйелерінің құрылысына жұмыс жобасы әзірленіп, сараптама қарауының оң қорытындысы алынған. Алдағы уақытта құрылыс жұмыстарын қаржыландыруға бюджеттік өтінім беріледі. Қаржы қаралған жағдайда  құрылыс жұмыстары басталады.

Табиғи газ жүйелерінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Жұмыс жобасын 01.08.2019 жылы сараптама қарауына жолдау жоспарланған. Сараптама қарауының оң қорытындысы алынғаннан соң, құрылыс жұмыстарына қаржы қарастыруға бюджеттік өтінім беріледі. Қаржы қаралған жағдайда «Асар-2» шағынауданын табиғи газ жүйелерімен қамтамасыз ету көзделуде.

«Асар-2» шағын ауданындағы №8 орталық көшеге А-2 автожолына дейін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында сметалық құжаттамалары әзірленіп, бюджеттен қаржы бөлу үшін ұсыныс енгізілді. Жөндеу жұмыстары қаржы қаралуына қарай атқарылады. Ағымдағы жылға Шымкент қаласы, Қаратау ауданында жалпы 26,0 шақырым жолға шағал тас төсеу жұмыстарына қаржы қаралды. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Конкурс жеңімпазы анықталған соң, жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес және бөлінген қаржы аясында атқарылады.

8.Сұрақ.- «Тұран» шағынауданы, «Бозарық» саяжайы мен «Бозарық» шағынауданының Жаңақұрылыс аумағын сапалы электр жарығымен, ауыз сумен қамтамасыз етіп берсеңіздер.

Наурызбаев Төлен – «Бозарық» шағынауданы, Калходжаев Яхия – «Тұран» шағынауданы орам басшысы.

Жауап. – «Тұран» шағынауданын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан жобалау-сметалық құжаттары әзірленді. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде мердігер мекеме «Үшсай» ЖШС-гі анықталды. Құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізіледі.

Шымкент қаласының әкімдігі тапсырысымен «Әсем Құрылыс» ЖШС-гі тарапынан «Шымкент қаласының «Тұран» шағынауданының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын, оның ішінде, электр жүйелерін салу (Солтүстік-Шығыс бөлігі) нысанына жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. 2019 жылдың 2 тоқсанында жобалау жұмыстары аяқталып сараптама қарауына жолданады. Сараптама қарауында заңды 45 күн қаралып, сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге бюджеттік ұсыныс беріледі. Қаржы қаралған жағдайда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіледі.

  1. Сұрақ. – «Сайрам», «Исфиджаб» және «Қызыл су», «Өтеміс», «Шапырашты» тұрғын алабтарында жалпы 120 трансформатор бар, олардың тең жартысы жекеменшік. Электр жарығы тұрғындарға тәулік бойы берілмейді. Ауа райы өзгергенде (жел тұру, жауын – шашын) көп өшеді. Осы мәселені де қолға алсаңыздар.

Абдурахманов Қуаныш «Сайрам» тұрғын алабы тұрғыны.

Жауап. –«Өтеміс», «Шапырашты» тұрғын алабын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша ЖСҚ әзірленіп, бюджеттік өтінім берілуде.

Қажетті қаржы қаралған жағдайда ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

«Сайрам», «Исфиджаб» және «Қызыл су» тұрғын алабы бойынша СЖТ (АПЗ) әзірленуде. СЖТ әзірленгеннен кейін ЖСҚ әзірлеуге бюджеттік өтінім беріледі.

  1. Сұрақ.- «Өтеміс» тұрғын алабында 2016 жылы түнгі жарықтандыру жүргізілген болатын. 1 ай уақыт қосылып, жақында өшіп қалды. Не себепті?

Райымбеков Бердалы – «Өтеміс» тұрғын алабының биі.

Жауап. – «Өтеміс» тұрғын алабындағы Жолдыбай, Мұрат, Ақкөл көшелерінде орнатылған жарықтандыру жүйелерінің құжаттары рәсімделіп, қазіргі таңда толығымен іске қосылды.

  1. Сұрақ. – Менің мәселем: үйімдегі газдың счетчигінде болып тұр. Маған 360000 теңге келіп тұр. Контролер мен газ мекемесіндегілер маған бір айда 10000 куб жағасыздар деп, мәселемізді шешпей жатыр.

Гаппаров С. – «Асар» шағынауданы З учаскі, 308 үй,

Жауап. – «ҚазТрансГазАймак» АҚ ШӨФ-ның мәліметіне сәйкес, Шымкент қаласында жеке және заңды тұлғалардың абоненттік жұмыстарын жүргізу, газ есептегіш құралынан көрсетілім алу, тұтынушыларды есепке алу бойынша абоненттік база жүргізу (бастапқы қосу (первичный пуск), есептеу, төлем, жеке шоттар беру, тауарлық газды пайдаланудың бұзықшылық фактілерін анықтау), төлем ақысы бойынша түбіртектерді тұрғындарға жеткізу, тұтынылған тауарлық газ үшін төлемдерді жинау мәселелерімен                       23.10.2017 жылы №1219-2/912-17R ұзақ мерзімді биллингтік қызметтер түзілген келісім-шарты негізінде «РЦКУ-Шымкент» ЖШС-гі биллингтік компания айналысады.

Осыған орай, Шымкент қаласының тұрғындары тұрғын үйдің газ есептегіш көрсеткішін суретке түсіріп, Темірлан тас жолында «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ШӨФ-ның аумағында орналасқан «РЦКУ-Шымкент» ЖШС-нің маркетинг бөліміне өтініш білдіру арқылы нақты пайдаланған табиғи газдың көлеміне төлеуге болады. Бұл мәселе бойынша, яғни көрсетілген қызметтердің сапасын жақсарту үшін қала әкімдігі тарапынан «ҚазТрансГазАймак» АҚ ШӨФ-на хат жолданды.

Сонымен қатар, тұрғындар пайдаланып отырған табиғи газ бойынша «ҚазтрансГазАймақ» АҚ ШӨФ-ның және «РЦКУ-Шымкент» ЖШС-нің көрсетіп отырған қызметтеріне қанағаттанбай және қосымша талап етіп отырған төлемақысына келіспеген жағдайда «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі» Заңының 9 бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 148, 149 баптары бойынша сотқа талап арыз беруге құқылысыз.

Қоғамдық көлік мәселелері

 

  1. Сұрақ.- «Қызыл су» тұрғын алабы мен «Тассай» бөлімшесінде транспорт мәселесі шешілмеген. Бекітілген кестеге сәйкес жүрмейді, белгіленген жерге дейін толық бармайды. Бағытқа ерте шықпайды, кешкісін жұмысын ерте аяқтайды. Мегаполис болдық, талап енді басқаша болу керек қой. Осы мәселені шешіп беріңіздер.

Жаңабаев Нұркөз СәрсенбайұлыШымкент қалалық мәслихатының депутаты.

Жауап. – Қазіргі таңда қалалық бағыттағы автобустардың жұмысы                  GPS трекер қондырғысы арқылы қадағаланады. Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының және «Диспетчерлік қызмет орталығы» ЖШС-нің мамандары көлік компанияларының жол қауіпсіздік инженерлерімен бірлесіп, қоғамдық көліктердің жұмыстарына мониторинг жүргізуде.

Қалалық бағыттарда қызмет көрсететін тасымалдаушы көлік компанияларының, соның ішінде «Тассай» бөлімшесі мен «Қызыл су» тұрғын алабына №130 бағытында қызмет көрсететін «Экспресс» ЖШС-нің басшыларына Қазақстан Республиканың «Автомобиль туралы» Заңына және түзілген келісім шарттарға сәйкес жұмысты ұйымдастыру, бағыттарда бекітілген қозғалыс кестелерін және қозғалыс жиілігін қатаң сақтау және кешкі уақыттағы қозғалыс жиілігін орындау туралы талап қойылды. Бағыттардың жұмыстары Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бақылауына алынды.

  1. Сұрақ. – Қалаға жүретін №65 бағытты «Мәртөбеге» жеткізбей тоқтатып тастады. «Қызыл су», «Достық» тұрғын алабы («Стандарт-цемент» аумағы) және «Мәртөбе» тұрғын алабына әлеуметтік бағыт жүргіземіз деген, әлі жүрген жоқ. Осы мәселені де қарап берсеңіздер.

Кенжебеков  Оразәлі – «Мәртөбе», «Қызыл су» тұрғын алабтарының төбе биі.

Жауап. – Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы және Қаратау ауданы әкімі аппаратының мамандары, «Мәртөбе» тұрғын алабының тұрғындарының қатысуымен зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Зерделеу барысында «Мәртөбе» тұрғын алабындағы №65 автобус бағытының қызметін пайдаланатын жолаушылар ағыны төмен екендігі және «Мәртөбе» тұрғындары Ақсукент-Шымкент бағытындағы сыйымдылығы үлкен автобустармен қатынайтындығы анықталып, №65 автобус бағыты ескі сызбаға сәйкес «Таскен» тұрғын алабынан қайтарылған.

Қазіргі таңда «Мәртөбе» тұрғын алабына Ақсукент-Шымкент бағытындағы (сыйымдылығы үлкен және сыйымдылығы шағын) автобустары қатынап, «Мәртөбе» тұрғын алабы жолаушыларын толығымен қамтамасыз етіп, тасымалдау қызметтерін атқаруда. Сол себепті «Мәртөбе» тұрғын алабына қосымша әлеуметтік бағыт ұйымдастырудың қажеті жоқ.

«Қызыл су», «Достық» тұрғын алабына №130 бағыты жолаушылар ағынына сәйкес жолаушылар тасымалдау қызметін атқаруда. Сол себепті «Қызыл су», «Достық» тұрғын алабына да қосымша бағыт жүргізудің қажеттілігі жоқ.

  1. Сұрақ. – «Ақжайық» шағынауданына тиісті 17 «б» автобусы маршрутының интервалын дұрыстап, сиымдылығы кең автобустар жүргізсеңіздер. Өте сирек жүреді.

Амалбаев Анарбек – «Ақжайық» шағынауданы, Әссәнди Әсет – «Дидарбек. кz» ақпараттық порталының бас редакторы.

Жауап. – №17«б» автобус бағытында қызмет көрсететін «Green bus servise» ЖШС-нің басшылығынан бағыттағы қозғалыс кестелерін және қозғалыс жиілігін қатаң сақтау бойынша талап етілді және ЖК және АЖ басқармасының бақылауына алынды. Сонымен қатар, қалалық әкімдік тарапынан қаладағы автобустарды жаңарту және бағыттардағы көліктерді сыйымдылығы  үлкен автобустарға ауыстыру жұмыстарын жүргізу барысында «Green bus servise» ЖШС-не қарасты №17«б» бағытындағы көлік құралдарын сыйымдылығы үлкен  автобустарға ауыстыру туралы ұсыныс енгізілген.

  1. Сұрақ. – «Орманшы» тұрғын алабына №116, №23 бағыттағы автобустар жүреді. Ертерек оқуға, жұмысқа баратын тұрғын алап тұрғындары бар. Сондықтан да осы бағыттар кестесі таңғы сағат 7-ден бастап, түнгі уақытқа дейін жүретін етіп өзгертілсе.

Жұрқабаева Шәркүл – «Орманшы» тұрғын алабы ауыл биі.

Жауап. – «Орманшы» тұрғын алабына қызмет көрсететін                                №116, №23 бағыттардың қозғалыс кестелері таңғы сағат 700-ден бастап сағат 2100-ге дейін жүретін болып бекітілген. Жұмыстары қадағалауға алынады.

  1. Сұрақ.- Қоғамдық көлік жүргізу мәселесін шешіп берсеңіздер.

Таңертең жұмысқа барып, кешке қайтатын адамдар қоғамдық көлікке сыймай қалады. Шағын автобустарды сыйымдылығы үлкен автобусқа ауыстыру керек.

Шынасилов Тұрдалы«Асар-2»  шағынауданы орам басшысы.

Жауап. – Қазіргі таңда жолаушыларды тасымалдау ағынының артуына байланысты тасымалдау қызметін көрсететін мекемелерге сыйымдылығы аз автобустарды  сыйымдылығы үлкен автобустарға ауыстыруға ұсыныстар берілді.

  1. Сұрақ. – Тасымалдаушы компания өз міндетін дұрыс атқармай отыр, сызбада көрсетілген соңғы аялдамаға дейін бармайды. №125 мектепке дейін де қоғамдық көлік жүргізіліп, айналасы жарықтандырылса және жасанды жол кедергісі орнатылса.

Өскенбай Сегізбай – «Қайнарбұлақ» тұрғын алабы орам басшысы.

Жауап. – «Қайнарбұлақ» тұрғын алабындағы №125 жалпы орта мектебіне дейін қоғамдық көлік бағытының таңертеңгі, түскі және кешкі уақыттардағы жүруіне жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандарымен зерттеу жұмыстары жүргізілді. 

Зерттеу барысында «Қайнарбұлақ» тұрғын алабындағы №125 мектебіне №105 шағын автобус бағыты бекітілген 12 кестемен тұрақты түрде                      №70 автобус бағыты таңертеңгі, түскі және кешкі уақытта жолаушылар тасымалдау қызметін атқаруда.

Сонымен қатар, аталған бағыттарда қызмет көрсетіп жатқан «Галиев» ЖШС-нің және «Асыл-Транс-Сервис-Юг» ЖШС-нің басшыларына бағыттардың жұмыстарын қадағалауға алу тапсырылғанын хабарлаймыз.

«Қайнарбұлақ» тұрғын алабындағы №125 мектепке баратын жолға жасанды жол кедергісін орнату ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейін жоспарлануда. Сонымен қатар, аталған көшені жарықтандыру мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге тапсырыс берілген. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленуіне орай құрылыс жұмыстарына бюджетке ұсыныс беріледі.

  1. Сұрақ. – Төлеметов көшесіне көп қабатты тұрғын үйлер салынды. Бірақ, бір ғана автобус жүреді, автобустар жетіспейді. №14 бағытқа мектептен қайтқан балалар сыймайды, «Ақжайық» шағынауданынан «Қайтпас» шағынауданына №10 емханаға ешқандай автобус бағыты бармайды.

Жеңіс Аймаш – Төлеметов көшесінің тұрғыны, Өміртаева Сұлушаш – «Ақжайық» шағынауданы тұрғыны, Шындалиев Базарбай – «Тұран» шағынауданы Жаңақұрылыс аумағы.

Жауап. – Төлеметов көшесі бойында орналасқан Назарбаев Зияткерлік мектебі арқылы бір ғана №103 автобус бағыты қызмет көрсететін. Оған қоса ағымдағы жылғы 1 ақпаннан бастап аталған көшемен қатынайтын әлеуметтік маңызы бар №149 автобус бағытының жұмысы ұйымдастырылды.

Қалалық әкімдік тарапынан қаладағы автобустарды жаңарту жұмыстарын жүргізу барысында «Сулейменов» ЖК-ге №14 шағынавтобус бағытындағы көлік құралдарын сыйымдылығы үлкен немесе орта автобустарға ауыстыру туралы ұсыныс берілді.

  1. Сұрақ. – «Нұртас» шағынауданындағы Жаңақұрылыс аумағынан №85 мектепке балалардың барып-қайтуы қиын. №141 немесе №20 бағыттарды №85 мектепке дейін баратын етіп, бағытын созып  берсеңіздер.

Құтпаева Рахима – «Нұртас» шағынауданы тұрғыны.

Жауап. – Қазіргі таңда  «Нұртас» шағынауданына қатынайтын                        №20 автобустың, №14 және №115 шағын автобус бағыттарының қозғалыс сызбалары қалыптасқан жолаушылар ағымына сәйкес ұйымдастырылған.                  №20 автобус бағытының қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізген жағдайда қалыптасқан бағыттың жүйесі бұзылып, жолаушыларға қолайсыздықтар туындайды. Қаланың шалғай және жолаушылар ағымы төмен аудандарын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында №141 автобус бағыты айқындалып, маслихатта бекітілген. Сондықтан да, жоғарыда аталған бағыттардың қозғалыс сызбаларына өзгеріс енгізіп, №85 мектепке дейін баратын болып өзгертуге мүмкіндік болмай тұр.

Сонымен қатар, жаңадан жандандырылған №89 бағытының қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізіліп, «Нұртас» шағынауданының Нұртас және Гүлдала көшелерімен қатынайтын болып ұйымдастырылған. Аталған бағыттан                        №115 бағытқа ауысып №85 мектепке баруға болатынын хабарлаймыз.

Ал, №85 мектеп арқылы жаңа автобус бағытын жүргізу мәселесі қалаға әкелуге жоспарланған 1000 автобус келген соң қаралады.

  1. Сұрақ.- №№17, 42 автобус бағыттарындағы кондукторлардың мәдениеті төмен, өте дөрекі жауап береді. Қоғамдық көліктерде «Алтын алқа» – «Күміс алқа» иегерлері неге тегін жүрмейді?

Канал Арайлым – «Тұран» шағынауданы, №159 үй тұрғыны, Бейсебаева Қанымкүл – «Достық» шағынауданы тұрғыны.

Жауап. – Бүгінгі таңда қалалық автобус бағыттарында төмендегі куәліктердің түпнұсқасы болған жағдайда мына санаттағы азаматтардың тегін жүруге құқығы бар:

Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

Тыл еңбеккерлері («Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталған);

I-топтағы зағип жандар бір сүйемелдеуші адаммен;

«Батыр ана», «Алтын алқа», «Күміс алқа» төс белгілерінің иегерлері.

Сонымен қатар, көлік мекемелерінің, соның ішінде №17 бағытта қызмет көрсететін «Green Bus cervise» ЖШС-нің және №42 бағытта қызмет көрсететін «Экспресс» ЖШС-нің басшыларына бағыттардағы жүйе тәртібін қатаң бақылауға алу, жолаушыларға көрсететін тасымалдау қызметінің мәдениетін көтеру бойынша талаптар қойылды.

 

Жарықтандыру мәселелері

 

  1. Сұрақ. – «Достық» тұрғын алабындағы орталық Бекмахан және Әбдіров көшелері темір жол бойында орналасқан және аталған көшелерден тұрғындар, оқушылар көп қатынайды. Алайда, көшелеріміз жарықтандырылмаған. Осы көшелерді жарықтандырып беріңіздер.

Қасымов Тәжібай – «Достық» тұрғын алабы биі, Бекмурзаева Зульфия –  Қаратау аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы.

Жауап. – Шымкент қаласының орталық көшелерін түнгі жарықтандыру жұмыстары қажеттілігіне орай кезең-кезеңімен атқарылуда. Айта кетерлігі, бірінші кезекте шағынаудандардың (тұрғын алабтардың) жолаушылар ағыны көп және әлеуметтік нысандар (мектеп, балабақша, емхана) орналасқан көшелерін қамту жоспарланған.

Осыған орай, «Достық» тұрғын алабындағы Әбдіров және Бекмаханов көшелерін жарықтандыру жұмыстары қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының 2019-2020 ж.ж жоспарында қаралатын болады.

  1. Сұрақ. – «Орманшы» тұрғын алабындағы Т.Рысқұлов, Ысқақов көшелеріне ЖСҚ дайын, қаржы бөліп, жарықтандырылса дұрыс болар еді.

Жұрқабаева Шәркүл – «Орманшы» тұрғын алабы ауыл биі.

Жауап. – «Орманшы» тұрғын алабында орналасқан Ә.Ысқақов және Т.Рысқұлов көшелерін жарықтандыру жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, құрылыс монтаж жұмыстарына бюджеттік өтінім ұсынылды.

  1. Сұрақ. – «Сайрам», «Исфиджаб» және «Қызыл су», «Шапырашты» тұрғын алабтарындағы әлеуметтік нысандарға (мектеп, балабақша, аурухана, мешіттер және т.б.) баратын жолдар жарықтандырылмаған. Осы мәселені шешіп берсеңіздер.

Рахметов Шухрат – «Сайрам» тұрғын алабы тұрғыны.

Жауап. – «Сайрам» тұрғын алабындағы А.Темір көшесі жарықтандырылып, пайдалануға берілген. «Шапырашты» тұрғын алабындағы Төлебаев және Шырынбек ата көшелерін жарықтандыру жұмыстарының жобалық сметалық құжаттамалары әзірленіп, құрылыс монтаж жұмыстарын атқару мақсатында бюджеттік өтінім ұсынылды.

«Исфиджаб» және «Қызыл су» тұрғын алабтарындағы негізгі көшелерге қажеттілігіне орай жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу 2020 жылдың жұмыс жоспарында қарастырылады.

  1. Сұрақ. – Жарықтандырылмағандықтан таңертең және кешкі уақыттарда №88 мектептен қайтқан оқушыларға қиындық туып жатыр. Әсіресе, жаңбырлы күндері үстеріне лай шашырап, су-су болып келеді. «Ақжайық» шағынауданы Еділбаев, Жоламан көшелері мен «Қайнарбұлақ» саяжайының орталық көшесін жарықтандыруыңызды сұраймыз.

Нуралиев Байболат – Төлеметов көшесінің тұрғыны, Жеңіс Аймаш – «Ақжайық» шағынауданы тұрғыны.

Жауап: – «Ақжайық» шағынауданы Еділбаев және «Қайнарбұлақ» саяжайының орталық көшелерін жарықтандыру жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, құрылыс-монтаж жұмыстарын атқару мақсатында бюджеттік өтінім ұсынылды. Құрылыс жұмыстары қаржы бөлінуіне орай атқарылады.

  1. Сұрақ. – Жібек жолы көшесінің бойында «Саяжай» деген аялдама бар, соған баратын темір жол мен Жібек жолы көшесінің аралығына 500м. жолға аяқжол төселмеген.

Қасымов Тәжібай – «Достық» тұрғын алабының тұрғыны.

Жауап. – Жібек жолы көшесіндегі «Саяжай» аялдамасына аяқ жол салу мақсатында зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Қажеттілігіне орай ағымдағы жөндеу жұмыстарының есебінен атқарылатын болады.  

  1. Сұрақ. – «Қызылсу», «Мәртөбе», «Шапырашты» тұрғын алабтары бір түкпірде қалған ауылдар сияқты. «Қызылсу» тұрғын алабында 5 жылда 1-ақ көше жөнделді. Қазіргі таңда ЖСҚ әзірленген көшелерге 2019 жылы асфальт төсеп берсеңіздер.

Кенжебеков  Оразәлі – «Мәртөбе», «Қызылсу» тұрғын алаптарының төбе биі.

Жауап. – «Мәртөбе» тұрғын алабындағы Леонов, Новостройка, Пушкин көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына қаржы қаралды. Мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы анықталған соң, кестеге сәйкес жұмыстар атқарылады. «Шапырашты» тұрғын алабының Д.Байзақов, Шырынбек ата, Бекболат-Шымболат, Абай, Наурызбай батыр және «Қызылсу» тұрғын алабының Кызылсу,  Худаярхан көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын атқару мақсатында сметалық құжаттар әзірленді.

2019 жылдың бюджетін нақтылау барысында жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу үшін қайта ұсыныс енгізіледі. Жұмыстар бюджеттен қаржы қаралған жағдайда атқарылатынын хабарлаймыз.

  1. Сұрақ. – «Ақжайық» шағынауданы Мырзабеков, Молшылық көшесіндегі лай-батпақтан аяқ алып жүре алмаймыз, қашан қалпына келтіреді?

Әссәнди Әсет – «Дидарбек.кz» ақпараттық порталының бас редакторы. 

Жауап. – Шымкент қаласы, «Ақжайық» (Қайтпас-2) шағынауданы бойынша Меңдешов, Молшылық, Байқара, Қосай баба, Айдапкелов, Ақшағала, Өмірзак, Шүлменов, Қарабура, Арипов, Қозыбай, Ақжүніс, Балқарағай, Байыспай, Шойман қажы, Мыңбаев, Естай акын, №1, №2 атауы жоқ көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарына бюджеттен қаржы қаралды. Конкурс жеңімпазы ретінде мердігер мекеме «АлемТрансЖол» ЖШС-гі және «Отау Строй» ЖШС-гі танылды. Жұмыстар бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес атқарылады.

  1. Сұрақ. – Бұрынғы «Қызылсай» станциясы, қазір «Достық» тұрғын алабындағы Мәдениет көшесі мен С.Рахимов көшесінің жалғасына асфальт төсеп берсеңіздер.

Бекмурзаева Зульфия – Қаратау аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы. 

Жауап. – «Достық» тұрғын алабының Мәдениет, Омарташы, Мұзбел, Мамадаев, Достық-1, Бейбітшілік-1,2,3, Ынтымақ-(1,2), С.Рахимов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында сметалық құжаттар әзірленді. 2020-2021 жылдарға бюджеттен жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу үшін қайта ұсыныс енгізілетін болады. Жұмыстар бюджеттен қаржы қаралған жағдайда атқарылатынын хабарлаймыз.

  1. Сұрақ. – «Орманшы» тұрғын алабында Момышұлы, Төле би, Канал жаны және Қажымұқан көшелерінің сметасы жасалып қойған. Осы көшелерді асфальттау жұмыстары 2019 жылдан қалдырылмаса.

Жұрқабаева Шәркүл – «Орманшы» тұрғын алабының ауыл биі.

Жауап. – «Орманшы» тұрғын алабында Момышұлы,  Приканальный көшелерін жөндеуге қаржы қаралды. Төле би, Шынар көшелеріне сметалық құжаттар әзірленген. Жөндеу жұмыстарына қосымша қаржы бөлу үшін қайта ұсыныс әзірленуде. Қажымұқан көшесіне сметалық құжаттар әзірлеуге                      2021 жылы тапсырыс беріледі.

  1. Сұрақ. – Мен бір журналистік зерттеу жүргіздім. «Тұран» шағынауданында ипотекалық негізде берілген «Адия» салған көп пәтерлі тұрғын үйдің тұрғындарына электр жарығы, табиғи газ, ауыз су берілмеген, баратын жол салынбаған. Көлік бағыты туралы айтпаса да болады. Тұрғын үйді «Самұрық Қазына» салған, пайдалануға берілген кезде комиссия мүшелері қалай қабылдап алған, осыған жауап берсеңіздер?

Нұрлан – «НарТВ»телеарнасының журналисі, «Тұран» шағынауданы                          №14 үй тұрғыны.

Жауап. – Шымкент қаласы, «Тұран» шағынауданының инженерлік инфрақұрылым жүйелерінінің құрылысы (ауыз су, кәріз, электр жарығы, газ, автожол және байланыс) нысаны бойынша, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан жобалық сметалық құжаттар әзірленген. 1-кезек бойынша «Тұран» шағынауданының                       №1, №7 жолдарының құрылысына қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпаздыры ретінде «Энергоэкспорт» ЖШС-і және №2 атауы жоқ көшенің мердігері «ОтауСтрой» ЖШС-гі танылды. Жұмыстарды бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес 2019 жылы аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар,                      №3, 4, 5, 6, 10 көшелерге жоба әзірленіп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Конкурс жеңімпазы анықталған соң, жұмыстар кестеге сәйкес атқарылады. №8, 9, 11, 12, 13 көшелерге жоба әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге бюджеттік ұсыныс беріледі.

«Тұран» шағынауданын электр, ауыз су, табиғи газ жүйелерімен қамтамасыз ету бөлімінің 1-кезегін сараптама қарауына 2019 жылдың                           3 тоқсанында жолдау жоспарлануда. Сараптама қарауының оң қорытындысы алынғаннан соң құрылыс жұмыстарына қаржы қарастыруға бюджеттік өтінім беріледі.

Аталған шағынауданның 2-кезек жұмыстары 1-кезек аяқталғаннан соң басталады.

«Тұран» шағынауданындағы 192 орамға автобус бағытын жүрізу үшін Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары зерттеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде                       192 орамдағы көшелердің жолдарына асфальт қабаты төселмегендіктен автобустардың тұрақты қозғалысын жүзеге асыруға мүмкіндік болмай тұрғандығы анықталды.

  1. Сұрақ. – «Ақжайық» шағынауданында орталық Сырым батыр көшесі өте тар. Бұрын көше кеңейтілген еді, бірақ, екі қатар труба салынып, жол бұзылып, тарылып қалды. Осы көшені кеңейтіп берсеңіздер. Сонымен қатар, өзіміз тас төсеген Арипов, Қаламбаев, Дәулетті көшелерін асфальттап беріңіздер.

Камалов Боранбай – «Ақжайық» шағынауданы ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Нуралиев Байболат – «Ақжайық» шағынауданы тұрғыны.

Жауап. – «Ақжайық» (Қайтпас-2) шағынауданы бойынша Меңдешов, Молшылық, Байқара, Қосай баба, Айдапкелов, Ақшағала, Өмірзак, Шүлменов, Қарабура, Арипов, Қозыбай, Ақжүніс, Балқарағай, Байыспай, Шойман қажы, Мыңбаев, Естай акын, №1, №2 атауы жоқ көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарына бюджеттен қаржы қаралды. Конкурс жеңімпазы ретінде мердігер мекеме «АлемТрансЖол» ЖШС-гі және «Отау Строй» ЖШС-гі танылды. Жұмыстар бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес атқарылады. Сырым батыр, Жерұйық, Ақдария, Бесқара, Дәулетті, Көкұйырым көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында, сметалық құжаттар әзірленді. 2019 жылдың бюджетін нақтылау барысында жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу үшін ұсыныс енгізіледі.

Қаламбаев көшесіне орташа жөндеу және Оңалбаев көшелеріне аяқ жол салу жұмыстарын жүзеге асыру үшін сметалық құжаттар әзірлеуге тапсырыс беріледі. Сметалық құжаттар әзірленіп, дайын болған соң, жөндеу және аяқ жол салу жұмыстарына қаржы бөлу үшін ұсыныс енгізілетінін хабарлаймыз. Жұмыстар бюджеттен қаржы қаралған жағдайда атқарылады.

Шымкент қаласының «Ақжайық» шағынауданы Еділбаев және Оңалбаев көшелерінде жер асты кәріз жүйелері жүргізілуіне байланысты ойықтар орын алған. Осыған орай, Шымкент қаласының энергетика және тұрғын                           үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ескерту хат жолданғанын хабарлаймыз.

  1. Сұрақ. – «Бозарық» саяжайында 65 көшенің 15-і ғана асфальттанған, қалған 50-ін асфальттауға ықпал жасасаңыздар.

Намазбаев Жексенбай – «Бозарық» саяжайының орам басшысы.

Жауап. – Жасыл ел, Ұста-Махамбет көшелерінің жалғасы және                    №1, 2, 3, 4 атауы жоқ (Ұста Махамбет көшесіне параллель көшелер) көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында сметалық құжаттар әзірленді. 2019 жылдың бюджетін нақтылау барысында жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу үшін ұсыныс енгізіледі. Қалған 44 көшеге сметалық құжаттар                                 2020-2023 жылдар аралығында әзірленеді.

  1. Сұрақ. – «Тұран» шағынауданындағы тұрғын үйлерді пайдалануға береді де, оған баратын жол салынбайды. Үйлерді «Отау-строй» компаниясы салған. Автобус та, аялдама да жоқ. Көлік мәселесі, біз үйімізден «Қайтпас» шағынауданындағы аялдамаға дейін жарты сағат жаяу жүреміз, қарт адамдар, жас баласымен әйелдер бар. Осы мәселелерді шешіп беріңіздер.

Мамбеталиева Динара – 192 орам, №359 үй тұрғыны, Канал Арайлым – «Тұран» шағынауданы, №159 үй тұрғыны.

Жауап. – «Тұран» шағынауданының инженерлік инфрақұрылым жүйелерінінің құрылысы (ауыз су, кәріз, электр жарығы, газ, автожол, қоғамдық көлік аялдамасы және байланыс) нысаны бойынша, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан жобалық сметалық құжаттар әзірленген. 1-кезек бойынша «Тұран» шағынауданының №1, №7 жолдарының құрылысына қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы ретінде  «Энергоэкспорт» ЖШС-і және №2 атауы жоқ көшенің мердігері «ОтауСтрой» ЖШС-гі деп танылды. Жұмыстарды бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес 2019 жылы аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар,                     №3, 4, 5, 6, 10 көшелерге жоба әзірленіп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Конкурс жеңімпазы анықталған соң, жұмыстар кестеге сәйкес атқарылады. №8, 9, 11, 12, 13 көшелерге жоба әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізуге бюджеттік ұсыныс беріледі.

Шымкент қаласы, «Тұран» шағынауданындағы 192 орамға автобус бағытын жүрізу үшін Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары зерттеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде «Тұран» шағынауданындағы 192 орамдағы көшелерінің жолдарына асфальт қабаты төселмегендіктен автобустардың тұрақты қозғалысын жүзеге асыруға мүмкіндік жоқ екендігі анықталды.

  1. Сұрақ. – Су жүргізілген кезде біздің көше қазылып, 4 көл пайда болды. Қазір бірте-бірте ұлғайып барады. Балалар мектепке бара алмайды, машина жүре алмайды. Көше қашан жөнделеді?

Ибрагимова Айнагүл – «Қайнарбұлақ» саяжайы, Цементников көшесі төрайымы.

Жауап. – «Қайнарбұлақ» саяжайының Цементная көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын атқару мақсатында сметалық құжаттар әзірленді. 2019 жылдың бюджетін нақтылау барысында жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу үшін ұсыныс енгізілетін болады.

  1. Сұрақ. – 1) «Достық» шағынауданында жол өте тар, ойылып кеткен. Айдарлы көшесінде асфальт жоқ. Бұлбұл көшесінің бір бөлігі асфальттанбай қалған. Осы мәселені шешіңіздер.

2) Айтұмар көшесіне жол белгілерін қою қажет.

3) Дидар көшесінің енін дұрыстап кеңейтіп, асфальттап беріңіздер.

Асан Сайдынгүл – «Достық» шағынауданы тұрғыны.

Жауап. – «Достық» шағынауданының Айдарлы, Бұлбұл көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын атқару мақсатында сметалық құжаттар әзірленді.                   2019 жылдың бюджетін нақтылау барысында жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу үшін ұсыныс енгізіледі.

Айтұмар көшесіне зерттеу жұмыстары жүргізіліп қажеттілігіне орай жол белгілері орнатылады. Дидар көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

  1. Сұрақ. – «Азат» шағынауданы Жаңақұрылыс аумағындағы тұрғындарға баратын орталық көшеге асфальт салып берсеңіздер.

Шыныбеков Бәкір – «Азат» шағынауданы тұрғыны.

Жауап. – «Азат» шағынауданының Ақбастау, Ақбидай, Аққанат көшелерінің жалғасына орташа жөндеу жұмыстарын атқару мақсатында сметалық құжаттар әзірленіп, жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу үшін ұсыныс берілетін болады.

Көше атауы мәселелері

 

  1. Сұрақ. – Жоламан көшесінің атауы бекітілді деді, тақтайшаларын іліп берсеңіздер. Сонымен қатар, көше бойындағы аялдамаларға аялдама атауын жазып берсеңіздер.

Өміртаева Сұлушаш – «Ақжайық» шағынауданы тұрғыны.

Жауап. – Аудан аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлер мен жеке тұрғын үйлерге тақтайша орнату бойынша бюджетке өтінім берілді. «Ақжайық» шағынауданы Жоламан көшесіне тақтайша орнату жұмыстары аудан тарапынан 2019 жылдың соңына дейін атқарылады.

Қаратау ауданы «Ақжайық» шағынауданындағы аялдамаға атау беру бойынша аталған елді мекен тұрғындарымен жиналыс ұйымдастырылды. Қазіргі таңда, тұрғындар тарапынан ұсынылған атауларға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, құзырлы мекемеге ұсыныс хат жолданады.

 

Демалыс орындары, спорттық алаңдар мәселелері

 

  1. Сұрақ. – Алатау көшесіндегі үлкен жыраны тегістеп, тұрғындардың демалыс орнына, саябаққа айналдыру туралы жылда айтылып келеді. Біраз жұмыс атқарылды. Басында 4 млн. қаржы бөлінді деп еді. Былтыр тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы мамандары келіп, 2,5 млн. теңге бөлінді деп жоспарын көрсеткен. Бірақ, іс аяқсыз қалды, әрі қарай жандандырылса деген өтініш бар.

Ермаханова Ұлбосын – «Орманшы» тұрғын алабы Алатау көшесі тұрғыны.

Жауап. – Аталған қоқыс полигонының орнына саябақ құру жұмыстарына ЖСҚ әзірленіп, мемсараптама қорытындысын алуға ұсынылды. Қаралу мерзімі – 1,5 ай. Мемсарапатаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін                      құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы бөлуге ұсыныс енгізілетін болады.

  1. Сұрақ. – «Достық» тұрғын алабында жастар үшін спорт мектебі, спорт-алаңшалары жоқ, жастардың бос уақытында шұғылданатын ісі жоқ. Сондықтан да, балалар ойын алаңшалары мен спорт мектебін салып берсеңіздер.

Қасымов Тәжібай – «Достық» тұрғын алабының биі.

Жауап. – Қалалық спорт мектептерінің спорттық секцияларында Қаратау ауданы, «Достық» тұрғын алабының балалары мен жасөспірімдері спортпен тұрақты шұғылдануда. Атап айтсақ: спорттың волейбол (24 бала), қол добы          (24 бала), белбеу күресі (12 бала), тоғызқұмалақ (12 бала) түрінен жаттығуда.

Сонымен қатар, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері тарапынан ашық спорт алаңшасын салу мақсатында бос жер телімдері қарастырылуда. Жер телімдері анықталып, «Қаратау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңдастырылғаннан кейін, жобалық-сметалық есептемесі әзірленіп, құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге ұсынылады.

  1. Сұрақ. – «Сайрам» тұрғын алабындағы «Ибрагим ата», «Қарашаш ана», «Мірәлі баба», «Бәлегерден баба» және басқа да кесенелерге жылына 10 000-нан астам зияратшылар келеді. Кесенелерде абаттандыру-көріктендіру жұмыстары жүргізілмегендіктен келген зияратшыларға қолайсыздық туындап, өз ой-пікірлерін, ұсыныстарын айтып қалдыруда. Негізінен бұл мәселе 2014 жылы Шымкент қаласы аумағына қосылғалы бері көтеріліп, осы уақытқа дейін шешімін таппай келеді. Осыған орай, зияратшыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында кесенелерге абаттандыру-көгалдандыру жұмыстарын жүргізсеңіздер.

Жаңабаев Нұркөз Сәрсенбайұлы – Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, Шамшиметов Құрбанбай «Сайрам» тұрғын алабының төбе биі, Кенжебеков Оразәлі – «Мәртөбе» тұрғын алабының төбе биі.

Жауап. – 2019 жылы «Сайрам» тұрғын алабындағы зиярат ету орындарын көріктендіру (5 нысан) жұмыстарының сметалық құжаттамаларын әзірлеу қаралып отыр. Бүгінгі таңда көріктендіру нысандарының сметалық құжаттамаларын әзірлеу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған. Қажетті қаржы көлемі анықталғаннан кейін қолданыстағы Заң талаптарына сәйкес, көріктендіру жұмыстарына қаржы бөлуге ұсыныс енгізіледі.

  1. Сұрақ. – Ашық спорт алаңшаларын көп қабатты тұрғын үйлердің маңайынан ғана емес, шалғайдағы елді мекеннің жастары үшін де сол жерлерден ашса дейміз.

Ал, «Асар» шағынауданына кезінде мемлекеттен қаржы бөлініп, екі спорт алаңшасы салынған. Бүгінгі таңда ешбір балансқа алынбаған, құжаттары жоқ.

«Қайнарбұлақ» тұрғын алабында бос жерлер бар, сол жерден спорт алаңшасын салып беріңіздер.

Салимбаев Мунайымбек – «Асар» шағынауданының орам басшысы, Өскенбай Сегізбай – «Қайнарбұлақ» тұрғын алабы  орам басшысы.

Жауап. – Қазіргі таңда Қаратау ауданы әкімі аппараты тарапынан «Бозарық» саяжайы мен «Тассай» тұрғын алабынан ашық спорт алаңшасын салу мақсатында мемлекеттік актілері алынып, сметалық есептемелері әзірленіп, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында балалар ойын алаңшалары мен ашық спорт алаңшаларын салу жоспарлануда. «Қайнарбұлақ» тұрғын алабынан ашық спорт алаңшасын салу мақсатында жер телімдері қарастырылуда. Жер телімдері Қаратау ауданы әкімі аппаратының теңгеріміне рәсімделгеннен кейін, сметалық есептемелер әзірленіп, құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге ұсыныс енгізіледі.

Сонымен қатар, «Асар» шағынауданындағы спорт алаңшалары                            Абай ауданы әкімі аппараты тарапынан салынған. Қазіргі таңда ашық спорт алаңдарын қабылдап алу мақсатында құжаттары рәсімделуде.

  1. Сұрақ. – «Қайнарбұлақ» көлін арнайы демалыс орнына айналдырып, абаттандырып берсеңіздер.

Өскенбай Сегізбай – «Қайнарбұлақ» тұрғын шағынауданы орам басшысы.

Жауап. – Аталған көл аумағы «Автобус-Сервис» ЖШС-і меншігі болып табылады. Сайрам ауданы әкімдігінің 11.11.2005 жылғы №1795 қаулысы негізінде құқық беру құжаттары рәсімделген.

Басқарма тарапынан көл аумағын мемлекеттік меншікке қайтару туралы хат ұсынылатын болады.

  1. Сұрақ. – «Өтеміс» тұрғын алабының бұрынғы спорт алаңшасының орнына жаңа мектеп салынды да, ескі мектепті бұзып, заманауи спорт кешенін салып береміз деген еді. Сол уәде қашан орындалады?

Райымбеков Бердалы – «Өтеміс» тұрғын алабы биі.

Жауап.-«Өтеміс» тұрғын алабындағы ескі мектеп орналасқан жер телімі Шымкент қаласының білім басқармасының теңгерімінде. Алдағы уақытта аталған жер теліміне спорт кешені немесе спорт нысаны құрылысын жүргізу бойынша жұмыстар қарастырылатын болады.

  1. Сұрақ. – «Қайнарбұлақ» саяжайынан спорт кешені салынып берілгенге дейін қазіргі жалдамалы спорт залға күреспен және басқа да спорт түрлерімен айналысатын балаларға арнайы төсеніштерін алып беруге көмектесіңіздерші.

Өмірзақова Ақмарал Ақтайқызы – «Қайнарбұлақ» саяжайы «Труженик» массивінің төрайымы.

Жауап. – Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппараты тарапынан спортқа арналған жабдықтармен көмек көрсетуге қаржы қаралмаған.

Аудан аумағындағы кәсіпкерлер тарапынан көмектер көрсету үшін ұсыныс беріліп, нәтижесінде демеушілік жасауға ниет білдірген кәсіпкер 1 дана спорттық соққыға арналған былғары сөмке (боксерская груша) алып берді.

Қосымша демеушілік көмек көрсетуге ниет білдірушілер қарастырылуда.

  1. Сұрақ. – Жастар жылына байланысты «Бозарық» саяжайынан спорт кешенін салып, №131 жаңа мектептің өзінен түрлі үйірмелері бар спорт клубын ашу жағын қарастырсаңыздар.

Юсупов Уалихан – «Бозарық» саяжайы, «Южанка» кооперативінің төрағасы; Намазбаев Жексенбай – «Бозарық» шағынауданының орам басшысы. 

Жауап. – Қаратау ауданы, «Бозарық» шағынауданынан спорт нысанының құрылысын салу үшін жер телімі анықталып, жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Ал, №131 мектепте сабақтан тыс уақытта волейбол, баскетбол, футбол спорт түрлері бойынша үйірмелер жұмыс жасайды.

  1. Сұрақ. – «Таскен», «Тассай» тұрғын алабтарына спорт кешені керек. Спорт түрлерінен жаттығулар жекеменшік үйлерде жүріп жатыр.

Сұлтанов Тасбау – «Таскен» тұрғын алабының тұрғыны.

Жауап. – «Таскен», «Тассай» тұрғын алабтарынан спорт кешен құрылысын салу үшін бос жер телімін қарастыру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

  1. Сұрақ. – «Нұрсәт» шағынауданы №142 үйдегі біздің ауланы абаттандырып, балаларға спорт алаңшасын салып берсеңіздер.

Баймұхамбетов Зайнулла Серкебайұлы – «Нұрсәт» шағынауданы,                                  №142 үй тұрғыны.

Жауап. – Аудан әкімі аппараты қызметкерлері тарапынан өтінішіңізде көрсетілген ауланы толық абаттандыру және ашық спорт алаңын салу мақсатында жоблық-сметалық есептері әзірленген. Абаттандыру жұмыстарын мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүргізу жоспарлануда.

 

Әлеуметтік нысандар құрылысы мәселелері

 

  1. Сұрақ. – Жастарға қолжетімді болу үшін «Сайрам», «Шапырашты» тұрғын алабтарының Мәдениет үйлеріне және «Өтеміс» тұрғын алабындағы клуб ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізіп, көптеген үйірмелердің ашылуына ықпал жасап, жастарға өз Мәдениет үйлерінде түрлі спортпен шұғылдануға қолайлы жағдай жасап берсеңіздер.

Жанысбай Мәдина«Өтеміс» тұрғын алабының тұрғыны.

Жауап. – 2018 жылы Сайрам Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сараптамадан өткізілді.

Шапырашты Мәдениет үйінің ғимаратына 2017 жылы күрделі жөндеу жұмыстарының ЖСҚ-ы дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Сайрам мен Шапырашты Мәдениет үйлерінің ғимараттарының 2019 жылы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Шымкент қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсыныс жолданды.

«Өтеміс» тұрғын алабындағы клубтың ғимараты апатты жағдайда екені туралы техникалық қорытындысы алынды. Қазіргі таңда Мәдениет үйін салуға жер телімі қарастырылуда. Жер телімі анықталғаннан кейін Мәдениет үйін салуға бюджетке өтінім беріледі.

  1. Сұрақ. – «Сайрам» тұрғын алабында 2008-2009 жылдары «Нұр» тойханасының артында тұрғын үй салу үшін учаскелер берілген кезде мектеп салу үшін жер телімі қалдырылған болатын. Осы жер теліміне құжат алынды ма? Және сол жерге мектеп салып берсеңіздер.

Батырханов Шухрат – «Сайрам» тұрғын алабының тұрғыны

Жауап. – «Сайрам» тұрғын алабындағы «Сулейман ата» жекеменшік балабақшасы жанында 300 орындық мектеп құрылысын салуға 2,1 га жер теліміне мемлекеттік құқықтық акті рәсімделген.

  1. Сұрақ.- «Асар-2», «Тұран» шағынаудандарына жоспарланған мектепті 2019 жылы салып берсеңіздер.

Шынасилов Тұрдалы Жарықбасович – «Асар-2»  шағынауданы орам басшысы.

Жауап. – «Асар-2», «Тұран» шағынаудандарында 1200 орындық мектептердің құрылысы ағымдағы жылы басталады. Тапсырысшы қалалық құрылыс басқармасы.

  1. Сұрақ. – Емханамыз өте тар, халық саны көбейіп жатыр, Оған жалғыз «Достық» шағынауданы емес, жан-жақтағы елді мекендерден адамдар келеді, әр кабинет алдында 100-ге жуық адам кезекте тұрады, осы емханамыз қашан кеңейтіледі?

Асан Сайдынгүл – «Достық» шағынауданы тұрғыны.

Жауап. –Типтік салынған «Достық» дәрігерлік амбулатория 2011 жылғы                         21 қыркүйекте қолданысқа беріліп, сол күннен бастап жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта 6 жалпы тәжірибелі аймақтық дәрігерлері және оған қарасты 18 жалпы тәжірибелі медбикелері, 1-акушер-гинеколог, 1 – акушер және зертхана, дәрігерге дейінгі алдын алу бөлмесі, ем егу, емшара, химизатор, дені сау бала тексеріп-қарау кабинеттері жұмыс жасайды. Әрбір аймақтық дәрігер күніне                       20 науқасты кабинетте көріп және 5-6 шақыртылумен үй аралайды. Ал, акушер-гинеколог 15-16 адамды қабылдап, науқастарға қызмет көрсетеді. Дәрігерлік амбулатория ашылған күннен бастап бүгінгі таңға дейін үздіксіз жұмыс жасауда.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №284 бұйрығына сәйкес халық саны 30000 нан асып жатқан жағдайда жаңа емхана салынуы қарастырылады. Қазіргі таңда, «Достық» шағынауданында электронды тіркелім бойынша халық саны 8768 адам санын құрайды.

  1. Сұрақ. – 1. «Сайрам» көмекші мектеп–интернатына қосымша бастауыш мектеп, акт, спорт залын салып берсеңіздер.
  2. Арнайы мектеп-интернатына колледж статусын беру, тәрбиеленушілерге белгілі маман болып шығуына ықпал ету.

Таңатарова Жадыра Нағашыбайқызы – «Сайрам» көмекші мектеп – интернаты директоры.

Жауап. – «Сайрам көмекші мектеп-интернатына» 10 сыныптық оқу корпусы, акт зал, спорт кешенін салуға құрылыс басқармасында ЖСҚ дайындалуда. «Сайрам көмекші мектеп-интернатына» колледж мәртебесін беру мәселесі бойынша Шымкент қаласының білім саласындағы бақылау департаменті (бұдан әрі – департамент) Шымкент қаласы білім басқармасының «Сайрам көмекші мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мектеп-интернат) «Мектеп-интернат-колледж» арнайы кешеніне ауысуға толыққанды келісіп, төмендегіні хабарлайды.

Мектеп – интернаттың ғимараттары 1916, 1935 жылдары салынып,                  1961 жылы қайта жаңартудан өткен. Оқу ғимараты бір қабатты ыңғайластырылған, сыйымдылығы 210 орын. Жатақханасы 210 балаға арналған екі қабатты, ғимараты ыңғайластырылған. Мектеп-интернатта медициналық,                100 орындық асхана, автономдық от жағу ғимараттары бар.

Бұған қоса, мектеп-интернатта 3 ағаш өңдеу шеберханасы – 9 станок пен электрлік қосымша құрал-жабдықтармен, 3 тігін шеберханасы – 15 дана электрлік тігін машиналармен жабдықталған.

Қазіргі таңда мектеп-интернатқа жаңа ғимарат салу бойынша тиісті жоба-сметалық құжаттамалары дайындалып, мемлекеттік сараптама жұмыстары өткізілуде.

Мектеп-интернаттың әкімшілігіне ғимарат салынып, материалдық-техникалық базасы толық жабдықталған соң, «Мектеп-интернат-колледж» арнайы кешені қызметін лицензиялау үшін құжаттарды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы №202 Заңының 29-бабына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы №391 бұйрығымен бекітілген білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестендіріп,                               е-лицензиялау порталына салу қажет екендігі түсіндірілді.

 

Ирригация

 

  1. Сұрақ. – «Нұрлы көш» бағдарламасымен осы аудан салынғанда ирригация жүйесі дұрыс жүргізілмеген. Жаңбыр жауса арықтар суға толып, ағып кететін нүктесі жоқ болғандықтан «Ақжайық» шағынауданындағы ішкі орамдық көшелерге ағуда.

«Асар» шағынауданы бізден жоғары орналасқан, сол жақтан аққан су көшеге кіріп, үйлердің іргетасын бұзып жатыр.

Салимбаев Мунайымбек Жолдыбекұлы – «Асар» шағынауданының тұрғыны, Нуралиев Байболат – «Ақжайық» шағынауданы тұрғыны, Мирзаева Ұлжан – 2-топ мүгедегі, «Ақжайық» шағынауданы тұрғыны, Жеңіс Аймаш – Төлеметов көшесінің тұрғыны.

Жауап. – Қазіргі таңда Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан аталған көшеге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде, Мердігер мекеме анықталған жағдайда аталған көшеге ЖСҚ әзірленіп, ары қарай дайындалған ЖСҚ-ға сай бюджетке ұсынылады. Бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда тиісті жұмыстар жүргізіледі.

  1. Сұрақ. – «Бозарық» саяжайындағы қырдан аққан су Энергетиктер көшесі арқылы ылдиға ағып, көшені қазып жатыр. «Бозарық» және «Қайнарбұлақ» саяжайларында жіңішке лоток орнату керек.

Шыңғысбаев Саят – «Қайнарбұлақ» саяжайы тұрғыны, Наурызбаев Төлен  – «Бозарық» саяжайы тұрғыны.

Жауап. – «Бозарық» және «Қайнарбұлақ» саяжайларына Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде. Мердігер мекеме анықталған жағдайда аталған көшеге ЖСҚ-ры әзірленіп, ары қарай дайындалған ЖСҚ-ға сай бюджетке ұсынылады. Бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда тиісті жұмыстар жүргізіледі.

  1. Сұрақ. – Кезінде «Сайрам» ауданына қараған кезде «Тассай» ауылы Абдалиев көшесінің бойымен канал салынған еді. Қазір бұл каналдың арнасы топыраққа толып, жаңбыр жауса төменгі жақтағы («Мирас» шағынауданы) көшелердің бойындағы үйлердің аулаларына дейін су кіріп кетеді, арнасын бетондап берсеңіздер.

Налибаев Досымбек Өмірұлы – «Нұртас» шағынауданы көше басқарушысы.

Жауап .- Аталған мекен-жайға шығып зерделеу жұмыстары жүргізіліп, қажеттілігіне қарай тиісті жұмыстарды атқаруға мердігер мекемеге тапсырма берілетіндігін хабарлаймыз.

 

Кәріз мәселелері

 

  1. Сұрақ. – «Асар» шағынауданы №12 көп қабатты тұрғын үйдің жертөлесі суға толып қала береді. Оны қанша сорғызғанымен қайта-қайта толады. Сол жертөлеге дейінгі құбырды жөндеу керек екен. Соны шешіп беріңіздер.

Ерденова Бахтыкүл – «Асар» шағынауданы №12 көп қабатты үй тұрғыны

Жауап. – Қаратау ауданы әкімі аппараты тарапынан «Асар» шағынауданы                   №12 көп қабатты тұрғын үйінде орын алған кемшіліктерді қалыпқа келтіру бойынша Шымкент қаласы құрылыс басқармасына хат жолданды. Атқарылған жұмыстар бойынша қосымша ақпарат беріледі.

  1. Сұрақ. – «Ақжайық» шағынауданының көшелеріне салынған асфальт қабаты канализация жүргізілгеннен кейін қазылып, көше лай-батпақ болып жатыр. Канализация әлі жүргізлііп жатыр. Канализацияны үйдің ауласына дейін кіргізуді мемлекет тарапынан қарастырыңыздар. Оны үйге дейін кіргізуге қалтамыз көтермейді.

Өміртаева Сұлушаш – «Ақжайық» шағынауданы тұрғыны, Мирзаева Ұлжан – 2-топ мүгедегі, «Ақжайық» шағынауданы тұрғыны. 

Жауап. – «Ақжайық» шағынауданы тұрғындарын орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтамасыз ету (абоненттеу) мақсатында басқарма тарапынан ЖСҚ-ы әзірленген. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып  алу конкурсы нәтижесімен құрылыс жұмыстарын жүргізуші мердігер мекеме анықталды. Құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес, ағымдағы жылы басталады.

 
   

 

Басқа да мәселелер

 

  1. Сұрақ. – «Бозарық» және «Қайнарбұлақ» саяжайларының статусын өзгертіп беріңіздерші, қала құрамында саяжай деген болмайды ғой. Сонымен қатар, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынған үйлерді заңдастыру мәселесін шешіп берсеңіздер.

Ибадулаева Ширинкул Сафаргалиевна – «Бозарық» шағынауданы                    «Алма» 286 уч. Наурызбаев Төлен – «Бозарық» шағынауданы тұрғыны, Өмірзақова Ақмарал Ақтайқызы – «Қайнарбұлақ» саяжайы, «Труженик» массивінің төрайымы, Өскенбай Сегізбай – «Қайнарбұлақ» тұрғын алабы орам басшысы, Кенжебаева Маржан – «Қайнарбұлақ» саяжайы, Жаңақұрылыс аумағы тұрғындарының атынан.

Жауап. – Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 97 бабының тармақтарына Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа немесе фермер қожалықтарын жүргізу үшін жеке және заңды тұлғаларға берілген жер учаскелерінде және жеке қосалқы шаруашылықтың егістік телімдерінде ауыл шаруашылығын жүргізуге қатысы жоқ объектілер, оның ішінде тұрғын үйлер (жеке тұрғын үйлерді қоса алғанда) салуға жол берілмейді. Бұл ретте мал шаруашылығы кешендерін салуға, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған уақытша құрылыстарға және шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарға суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарының барлық түрлері, егістік, тыңайған жерлер, көп жылдық екпелер егілген жерлер жататын бағалы ауыл шаруашылығы алқаптары пайдаланыла алмайды

  1. Сұрақ. – 2009 жылы театр жанынан ЦОН ашылған. Театр басшысы ЦОН-ды басқа орынға көшіру немесе ЦОН-ды ақылы жалға беру мәселесін алға тартып отыр. Осы мәселені дұрыстап шешіп берсеңіздер.

Ахметханов Хұсанхан Мұзафарұлы – қалалық мәслихат депутаты, И.Хашимжанов – қалалық өзбек театрының директоры, Абдурахманов Қуаныш ата «Сайрам» тұрғын алабы тұрғыны.

Жауап. – Қазіргі таңда өзбек драма театры мен ХҚКО (ЦОН) мекемесі арасында жалға тұру бойынша келіссөздер жүргізілуде.

  1. Сұрақ. – «Мәртөбе» тұрғын алабы 1000 га. суармалы егістік жері бар. Көрші ауылдың жылқылары егістік бой көтеріп, гүлдеп тұрғанда 2-3 сағатта таптап кетеді. Иелеріне айыппұл салынды. Бірақ, онымен мәселе шешілген жоқ. Көктемде бұл проблема қайта басталады. 6 қора бар. Біреуіне айыппұл салғанымен екіншісі келеді. Бұл мәселені кешенді қарап, түбегейлі шешу керек.

Кенжебеков Оразәлі – «Мәртөбе», «Қызыл су» тұрғын алабтарының төбе биі.

Жауап. – Шымкент қаласы, «Мәртөбе» тұрғын алабында егістік бой көтеріп тұрған шағында көрші ауылдың жылқылары егістікті таптап кетулеріне Шымкент ҚПД Қаратау АПБ ЖПҚб учаскелік полиция инспекторлары тарапынан ҚР ӘҚБтК-нің талаптарын бұзғаны үшін жылқы иелеріне бірнеше рет айыппұл салынған. Алдағы уақытта осы тектес жағдайларды болдырмау мақсатында тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

  1. Сұрақ. – Жалпы мектептердегі асханалардағы ыстық тамақ сапасын қатаң қадағалау керек. Балаларымыздың болашағы алаңдатады.

Аширбекова Роза – «Нұртас» шағынауданы, Ақсұңқар көшесі-үй төрайымы.

Жауап. – Бүгінгі таңда ҚР денсаулық министірлігінің 2017 жылғы                       16 тамызындағы №611 бұйрығына сәйкес жалпы білім беретін барлық мекемелерінде комиссия құрылған.

Комиссияның міндеті күнделікті балаларға берілетін тағамдардың сапасын анықтап, бақылау болып табылады.

  1. Сұрақ. – Депутатымызға рақмет, көшелерімізге 16 камера қойып берді. Осы бейнебақылау жүйелерін ішкі істер департаментінің балансына алса екен деймін.

Өмірзақова Ақмарал Ақтайқызы – «Қайнарбұлақ» саяжайы «Труженик» массивінің төрайымы.

Жауап. – Демеушінің көмегімен орнатылған 16 бейнекамераның қазіргі күнге дейін ешқандай мекеменің теңгеріміне өткізілмегені және арнайы бір  мекеменің теңгеріміне өткізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуі керектігі жөнінде Шымкент қаласы ІІД басшысына хат жолданды.

«Қайнарбұлақ саяжайында орнатылған 16 бейнебақылау камераларын Шымкент ҚПД-нің теңгеріміне алуды ұсынғансыз.

Біріншіден, орнатылған сыртқы бақылау камераларының техникалық сипаттамаларын зерттеу қажет. Сондай-ақ, олардың Шымкент ҚПД қолданыстағы жүйеге қосылу мүмкіндігін қарастыру қажет.

Егер орнатылған сыртқы бақылау камераларының техникалық параметрлері Шымкент ҚПД Жедел басқару орталығының сыртқы бейнекамераларының техникалық параметрлеріне және жүйесіне сәйкес келмесе және оларды интеграциялауға мүмкіндік болмаса, оларды Шымкент ҚПД теңгеріміне қабылдау мүмкін емес. Себебі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2014 жылғы 3 шілдедегі № 410 бұйрығында  барлық сатып алынатын және өзге мемлекеттік органдардан ІІМ теңгеріміне өткізілетін техникалық құралдар ІІМ-нің талаптарына сай болуы керектігі нақты көрсетілген.

  1. Сұрақ. – «Асар-2» шағынауданындағы мемлекет мұқтажына алып қойылған жерлер үшін басқа жерден жер телімін беруге қала әкімдігінің қаулысы шыққан, бірақ, әлі берілген жоқ. Осы мәселені оңтайлы шешіп беріңіздер.

«Азат» шағынауданындағы 500 үйді құжаттандыру мәселесі бойынша шешім шыққанымен 30% ғана орындалып, 70% орындалған жоқ.

Өтегенов Кенжебай – «Асар-2» шағынауданы тұрғыны, Сәбитова Әлия – «Азат» шағынауданы тұрғыны,  Шыныбеков Бәкір – «Азат» шағынауданы тұрғыны.

Жауап. – Шымкент қаласы, «Асар-2 тұрғын алабының» егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жобадағы көп қабатты тұрғын үйлер тұрмыстық қызмет көрсету кешендерімен, көпшілік пайдаланатын жасыл желектер және көшелер, жалпы пайдаланымдағы санитарлық-қорғайтын жасыл желектер, әлеуметтік нысандарына қарастырылған алаңы – 41,7343 га бойынша мәлімет.

Шымкент қаласы әкімдігінің 26.11.2018 жылғы «Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» №274 қаулысының қосымша объект  бойынша  жалпы 263-меншік иесі, алынатын алаңдары  41,7343 га жер учаскесіне қабылданған.

Атқарылған жұмыстар:

Бұл туралы ақпарат Шымкент қаласының ішкі саясат бөліміне «Шымкент келбеті» газетіне (БАҚ) жарияланған.

Шымкент қаласы Казпоштасына меншік иелеріне ескерту хатты жолданған. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КеАҚ ОҚО бойынша филиалы «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті Шымкент қалалық бөлімшесіне заңдық талапқа тіркеуі, көшірмелерін алуға және құнын анықтау үшін хат жолданды.

Алдағы уақытта Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес бағалау жұмыстары жүргізіліп, құрылыс нысандарына өтемақысы  ұсынылады, ал жер сұраған меншік иелеріне қала аумағынан тең бағалы жер ауыстырып берілетіндігін мәлімдеймін.

«Азат» шағынауданы бойынша:

1) Жер учаскесіне тиісті құқық беру тәртібі Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-бабымен реттеледі.

Осыған орай, ҚР Жер кодексінің 43 бабын басшылыққа ала отырып, «Азат» шағынауданындағы жер учаскелеріне тиісті құқықтар рәсімдеу үшін Шымкент қаласы әкімінің атына өтінішпен жүгінген жағдайда Шымент қалалық жер комиссиясының қарауына ұсынылады.

2) ҚР Жер кодексінің 49-1 бабының тармақтарына сәйкес жүргізіледі және Аумақтың егжей тегжейлі жоспарлау жобасы жасақталғаннан кейін ғана  заңдастырылатынын хабарлаймын.

  1. Сұрақ. – «Қайнарбұлақ» саяжайында 40 мың халық тұрады. Саяжайға бір банкомат және «Казпоштаның» терминалын қойылуын сұраймын.

Өмірзақова Ақмарал Ақтайқызы – «Қайнарбұлақ» саяжайы «Труженик» массивінің төрайымы.

Жауап. – «Қайнарбұлақ» саяжайының тұрғындарының сұранысына сәйкес               2017 жылы пошта байланыс бөлімшесі ашылып, филиал тарапынан банкомат орнатылған болатын. Алайда, оның тиімділігі жоқ болғандықтан және бөлімше қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмегендіктен басқа бөлімшеге қайта орналастырылды. Қазіргі уақытта «Қайнарбұлақ» саяжайында пошта байланыс бөлімшесінен зейнетақы алатын зейнеткерлердің саны 24, оларға зейнетақы бекітілген кестеге сәйкес уақытылы жеткізілуде.

Сонымен қатар, «Қайнарбұлақ» саяжайында пошта байланыс бөлімшесінде ағымдағы жылы төлем қабылдау терминалы мен Постерминал орнату жоспарланған. «Қазпошта» АҚ 2018 жылдан бастап, Серіктестер тарапынан қызмет көрсету бойынша бірлескен кәсіпорын жобасын (франчайзинг, агенттік) жүзеге асыруда. Бұл жоба шағын және орта бизнеске «Қазпошта» АҚ-ның атынан пошта, қаржы және агенттік қызметтерін олардың өздерінің жеке сауда нүктелерінде қосымша бизнес ашуына мүмкіндік береді.            Жоғарыдағыларды ескере отырып, «Қазпошта» АҚ «Қайнарбұлақ» саяжайында пошта байланыс бөлімшесін Серіктестікке (франчайзинг, агенттікке) ашуға және Серіктестік жобасы бойынша пошта қызметін көрсетуге ниет білдірген кәсіпкерлермен егжей-тегжейлі талқылау үшін кездесу өткізуге дайын екенін білдіреді.

«Қайнарбұлақ» саяжайына банкомат қою бойынша өтінішіңізге: Қаратау ауданы әкімінің аппараты тарапынан қала аумағында орналасқан банктерге ұсыныс хат жолданған. Қазіргі таңда   «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы келесідей жауап береді: 

Шымкент қаласы, «Қайнарбұлақ» саяжайына банкомат орнатуға мүмкіндік жоқ. Бірақ, алтернатив ретінде, Банк Шымкент қаласы, К.Төлеметов көшесі бойында ашылғалы жатқан Мамандандырылған ХҚК бөліміне банкомат қою мәселесін қарастыруда.

Қазіргі таңда жақын аумақта орналасқан банкоматтардың  мекен –жайын ұсынады:

  1. «Жаңалық» дүкенінде: Шымкент қаласы, «Қайтпас-1» шағынауданы, Бәйдібек би көшесі, нөмірсіз үй.
  2. №299922 бөлімшесінде: Шымкент қаласы, «Нұрсат» шағынауданы, 28 үй.

«БанкЦентрКредит» АҚ Шымкент қ. филиалы бос банкоматтардың болмауына байланыста Сіздің сұрауыңызды орындай алмайтынын хабарлайды.

«КaspiBank» АҚ Шымкент қ. филиалы банкоматты орнатудың техникалық мүмкіндіктері болған жағдайда орнатуды қарастыратынын хабарлайды.

  1. Сұрақ. – Жеңілдікпен жоғары білім алуыма көмектесуіңізді сұраймын. Қурмангужинова Зарета«Нұрсәт» шағынауданы тұрғыны.–

Жауап. – «Нұрсәт» шағынауданының тұрғыны З.Курмангужиновамен кездесу ұйымдастырылып, жоғары оқу орнына түсуі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қолданыстағы заңнамаларына сәйкес 2019-2020 оқу жылына талапкерді қабылдау кезінде З.Курмангужинованың өтініші назарға алынады.

 

 

 

Share