“Тұран” шағынауданы тұрғындарымен коммуналдық мәселелер бойынша жиналыс өткізілді

Аудан аумағына қарасты “Тұран” шағынауданы тұрғындарымен коммуналдық мәселелер бойынша облыстық энергетика басқармасы басшысы- М.Марайым, аудан әкімі орынбасары – М.Тажибаев жане қалалық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімі орынбасары – Н.Жаманкөздын қатысуымен жиналыс өткізілді.

Жиналыс барысында шағынауданның ауыз су, табиғи газ, электр жарығы мәселелері бойынша атқарылатын жұмыс жоспарлары тұрғындарға таныстырылды. Ең алдымен осы бағытта кұрылыс жұмыстарын аткару максатында облыстық бюджеттен қаржы қарастырылатыны айтылды.

Аталған жиында тұрғындардың өзекті мәселелеріне хаттама түзіліп, тұрақты бақылауға қойылды.

Share