«SHYMKENT» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

«SHYMKENT» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы болып 37 жастағы Рашид Аюпов тағайындалды.

Рашид Аюпов – ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты, Queen Mary University of London (Ұлыбритания) оқу орнының түлегі, мемлекеттік басқару магистрі.

Әр жылдары  ҚР Үкіметінде сектор меңгерушісі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Ақпарат және тестілеу орталығының» директоры, Премьер-Министр кеңсесінің мемлекеттік қызмет және кадрларды басқару секторының меңгерушісі, «ҚазАльянс» шетелдегі қазақстандықтар бірлестігінің президенті, Шымкент әкімі аппаратының жетекшісі, «Нұр Отан» партиясының ҚР Үкіметіндегі өкілі, партияның ақпараттық технологиялар орталығының жетекшісі қызметін атқарған. Тағайындалғанға  дейінгі қызметі – Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі. 

Айта кетсек, «Shymkent» жаңа әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының мақсаты – бизнес бастамаларды қолдау және қаланың әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуын ынталандыру. Корпорация инвестицияларды тарту, бизнесті дамытуға жәрдемдесу, жұмыс орындарын құру және әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға бағытталған.

Share