ШАҺАР БАСШЫСЫ МЕРЕКЕНІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БІРГЕ ӨТКІЗУДЕ


Бүгінгі “Тәуелсіздік күні” мерекесіне орай қала әкімі – Ғабидолла Рахматоллаұлының қатысуымен ауданымыздағы «Нұрсәт» шағынауданының №11, 12, 75 көп қабатты үйлер ауласында ашық спорт және балалар ойын алаңшаларының салтанатты ашылу рәсімі өткізіліп, тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді.

Аудан әкімі аппараты ұсынысымен «Нұрсәт» шағынауданындағы тозығы жеткен 36 көп қабатты тұрғын үй орналасқан 14 ауланы абаттандыруға қала бюджетінен 293 млн. теңге қаржы бөлінген.


«Нұрсәт» шағынауданындағы тозығы жеткен көп қабатты тұрғын үйлер аулаларына заманауи үлгідегі балалар ойын алаңшалары және спорттық жаттығу элементтері орнатылды. Құрылыс жұмыстары аталған шағынауданның 36 көп қабатты үйлер аулаларында жүргізілді. Оның ішінде: Бәйдібек би даңғылында орналасқан – 8 үй, Назарбеков көшесіндегі – 16 үй, Астана даңғылы бойындағы – 12 үй. Аулаларды абаттандыру жұмыстары барысында 36 көп қабатты тұрғын үйдің яғни, 927 пәтерде қоныстанған 5 000-ға жуық тұрғын балалар ойын алаңшалары және спорттық жаттығу элементтерімен қамтылды. Сонымен қатар, «Нұрсәт» шағынауданы № 11, 12, 75 көп қабатты тұрғын үйлер ауласына заманауи үлгідегі ашық спорт алаңшасы салынды.

2019 жылы аудан аумағындағы аулаларды абаттандыру жұмыстарына 43 ауланың жобалық-сметалық есептемелері әзірленіп, бюджет қарауына ұсынылды.

Спорт және балалар ойын алаңшаларының салтанатты ашылу рәсіміне Шымкент қаласы әкімі – Ғ.Әбдірахымов, аудан әкімі мен орынбасарлары, аудан тұрғындары және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Share