«Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Бопазов Марат мектеп ұстаздарымен кездесті

18-ші қазан күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Бопазов Марат Дәрібекұлы, Шымкент қаласындағыдағы №72 мектептің ұстаздарымен кездесті.

Мәжіліс депутаты Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталған халыққа Жолдауын мектеп ұжымына түсіндірді. Кездесу еркін пікір алмасу түрінде өтті. Оны Мәжіліс депутатының өзі ұсынды. Алдымен Жолдаудың негізгі бағыттарының бірі «Педагог мәртебесі туралы» М.Бопазов Елбасының бұл жолдауының мақсаты мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс екендігін атап өттіп ұстаздардың өз пікірлерін тыңдап, оны тиісті заңдар қабылданатын кезде ескеретінін айтты.

Марат Бопазов мұғалімдердің пікірін топтастырып жинап, шешілуі тиіс сұрақтарды Үкіметке жеткізетін болатындығын айтып кетті.

Share