“КАРАШАШ АНА” КЕСЕНЕСІ

 

Қарашаш Ана кесенесі – Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам ауданы Сайрам ауылында орналасқан тарихи кесене. Кесене ұлы уағызшы-сопы Қожа Ахмет яссауи шешесінің мазарында құрылған. 19 ғасырда қайта жаңғырған.

Қарашаш ананың шын есімі – Айша бибі. Ол Сайрамдағы атақты Муса шейхтің қызы болған. Қарашаш Ана сол уақыттағы әйелдердің ең білімді, тәрбиелісі болған тұғын. Бай және әулетті отбасыдан шыққан Қарашаш ана жаман мінезді болмаған, ешқашан өзін менменшіл, мақтаншақ ұстаған емес. Ол адамдарды емдеп, олардың түстерін болжай алған. Атақты Қарашаш ана көп уақытын өз балаларының тәрбиесіне ғана емес, көмек қажет адамдарға қол ұшын созуға бөлген. Осылайша ол өз ауылына өзінің аналық қасиетімен танымал да сыйлы бола алды. Аңыз бойынша, сол уақыттағы күмбездің басына Айша бибінің қара шашының бір талы ілінген тұғын, алайда ол кейін жоғалып кетті.

Ең алғаш кесене 8 ғасырда құрылған. Алайда табиғи жағдайлар мен уақыттың әсерінен кесене құлап, қайта қалпына келген. Осы күнге дейін сақталып келген кесене 19 ғасырдың ортасына жатады. Кесене Орталық Азияда және Қазақстанда тараған төртбұрышты 27*27*5 см көлемді күйген кірпіштен жасалған. Сонымен қатар, құрылыста ағаш, саз тәрізді табиғи материалдар қолданылған. Қабырғаны тұрғызу кезінде арша қолданылған. 19 ғасырда қайта тұрғызылу кезінде күмбез үлкен өзгерістерге шалдықты. Кесененің көлемі шаршы тәрізді, 6,3 * 6,3 м. Ғимарат бұрыш қалқандарына негізделген барабанда тұрған күмбезбен аяқталады. Күмбез биіктігі 7,08 метр. Оңтүстік және батысындағы қабырғаларының маңдайшалары сүйір жерге ұқсатылып өрілген, өрнекті кірпіш қалау әдісімен күмбез дөдегесін айналдыра белдеу тартқан.. Ғимараттың қасбетінде кәдімгі кірпіш қолданылған. Еден құм үстінде орналасқан, кірпіштерден жасалған. Күмбездің төрінде Қарашаш ананың мәрмәр тақташалармен көмкерілген қабірі бар. Кесененің 2 ғасырдан ұзақ сақталуы ғимараттың жақсы материалдардан сапалы жасалғанын білдіреді. Құрылыста қолданылған ағашты детальдары, оюлары тоқырамаған. 1996 жылы күмбезді ақпен қаптап, 1997 жылы кесенені тазалап, Қазақстанның көрікті жеріне айналдырды. Кесенеда Қарашаш ананың мәйітімен бірге туыстары Ибрагим қожаның, Сүлеймен қожаның, Салим қоджаның және Дәуіт қожаның мәйіттері орналасқан.

Share