Енді ХҚКО-на бармай-ақ, тұрғылықты жер бойынша тіркелуге болады

«ҰАТ» АҚ ХҚКО-на баруды көздемейтін «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу»автоматтандырылған қызметінің іске қосылғаны туралы хабарлайды.

Осы қызмет ҚР азаматтары үшін 2018 жылғы 25 ақпаннан бастап www.egov.kz электрондық үкімет порталында іске қосылған және қолданыста.

Бұл нені білдіреді?

Бұрын азамат тұрғылықты жері бойынша тіркелуге өтінім берген кезде, өтініш толтырып, оған ЭЦҚ арқылы қол қойып, содан соң өзінің жаңа мекенжайын жеке куәлік чипіне жазғызу үшін, деректер ҚР Ішкі істер министрлігінің ХҚТ ТП (- «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті) деректер қорына түсу үшін хабарламаны ХҚКО-на өзі ұсынған болатын.

Енді өтінім egov.kz порталы арқылы берілген кейін, пайдаланушы ХҚКО-на жүгінудің қажеті жоқ, өйткені деректер ХҚТ ТП-не автоматты түрде түседі. Қызмет көрсету нәтижесін пайдаланушы 15 минуттан кейін «Жеке тұлғаның мекенжай деректерін тексеру» немесе «Мекенжай анықтамасын алу» қызметтерін қолданып, онлайн режимінде көре алады.

Бүгінгі таңда egov.kz сайтында осы қызметтің деректері «Азаматтарға» – «Азаматтық, миграция және иммиграция» – «Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау» бөлімінде орналасқан.

Share