Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған

Бүгін Шымкент қаласы Қаратау ауданының тұрғындары 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлап жатыр. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Жыл сайын атаулы мерекені атап өтетін Қаратау ауданы осы жылы Нұрсәт шағынауданында мерекелік іс-шараны өткізді. Аудан әкімі – Исамидин Қантөреев Қаратау ауданының тұрғындарын “1 мамыр – Қазақстан xалқының бірлігі күні” мерекесімен шын жүректен құттықтап, ауданның белсенді тұрғындары мен қызметкерлерін алғыс xатпен марапаттады. Мерекелік концерт жас өнерпаздардың өнерімен жалғасып, келген қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Share