АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Аудан әкімі орынбасары болып Қаттабеков Ерлан Нұрланұлы тағайындалды.

Аудан әкімі – А.Әліқұлов жаңа орынбасарын аппарат қызметкерлерімен таныстырып, алдағы уақытта жұмысына сәттілік тіледі.

Қаттабеков Ерлан Нұрланұлы 1989 жылы 12 шілде Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында дүниеге келді.

Оқу орындары: 2010 жылы – Қазақстан менеджмент, экономика және болжау инстититуты – бизнес экономикасы және мемлекеттік саясат экономикасы, экономика бакалавры. 2014 жылы –Қазақ экономика, Қаржы және халықаралық сауда университеті – экономикалық ғылымдары магистрі.

Еңбек жолын: 11.10.2010 – 16.01.2012 жылдары «Локомотив Құрастыру зауыты» АҚ «Қазақстан Темір жолы» АҚ ҰК маркетинг және өткізу бөлімінің маркетинг жөніндегі маманы, Астана қаласы. 21.05.2019 – 15.10.2012 жылдары «Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ инвестициялық жобалар департаментінің бас эксперті, Өскемен қаласы. 01.10.2012 – 25.01.2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының іс-қағаздар жүргізу жөніндегі инспекторы, Өскемен қаласы. 28.01.2013 – 27.02.2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы қаржы бөлімі бюджеттің орындаруы бойынша есеп және әлеуметтік сала шығындарыныңу мониторингі секторы бас маманының міндетін атқарушы. 27.03.2013 – 13.03.3013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы қаржы бөлімі бюджеттің орындаруы бойынша есеп және әлеуметтік сала шығындарыныңу мониторингі секторы бас маманы. 14.03.2013 – 12.08.2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің бас маманы, Өскемен қаласы. 12.08.2013 – 24.11.2014 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы, Өскемен қаласы. 24.11.2014 – 08.10.2015 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшылығы Хатшылығының бас сарапшысы, Астана қаласы. 09.10.2015 – 07.04.2017 жылдары Ақтөбе қаласы әкімінің көмекшісі, Ақтөбе қаласы. 07.04.2017 – 20.02.2019 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары. 21.02.2019 – 19.12.2019 жылдары «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ басшысы.

19.12.2019 – қазіргі таңға дейін Шымкент қаласы, Қаратау ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс атқаруда.

Share