Аудан әкімі алтын құрсақты аналарды құттықтады

Ағымдағы жылдың 25 тамыз күні аудан әкімі аппаратында еліміздің демографиясын көтеріп келе жатқан көп балалы аналарды “Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 7 тамыздағы 728 жарлығына сәйкес” 10 алтын, 25 күміс алқамен аудан әкімі – Исамидин Мұхитдинұлы салтанатты түрде марапаттады. Аудан әкімі алтын құрсақты аналарды құттықтап, отбасыларына ынтымақ, бақ береке, шаңырақтары әрдайым қуанышқа толы болуын тіледі.

Қаратау ауданы бойынша жыл басынан бері 31-алтын алқа және 90-күміс алқа көпбалалы аналарға табысталды.
Аудан басшысы – күміс алқа иегерлеріне алдағы уақытта алтын алқа иегері атануын тілеп, өскелең ұрпақтың ел мақтанатын азамат болып өсуіне елімізде барлық жағдайлар жасалып жатқанын тілге тиек етті.

Share