Қаратау ауданы əкімі  Құрбан айт мейрамымен құттықтады

Құрметті мұсылман қауым!

Қасиетті Құрбан-айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мұсылмандар әлемінде, діни және мәдени құндылықтарға сүйеніп, рухани тазалықты дәріптеуші, құлшылық етушілердің жүрегіндегі имандылық негізінің беки түсуіне ықпал ететін, зор ықыласқа бөленген мереке.

Ғасырлар қойнауынан жеткен бұл мейрам, қайырымдылық пен әділеттілік, жауапкершілік пен төзімділік сияқты рухани мұраттар мен Аллаға сыйынушылардың ерік-жігерін білдіреді.

Мұсылмандардың ең қасиетті мейрамы болып саналатын Құрбан айт адамдардың бір – біріне рухани жақындасуына, қоғамдағы бірлік пен келісімді одан әрі нығайтуға мүмкіншілік береді деуге сеніміміз зор. Осынау қасиетті күндердегі қайырымдылық, игілікті істер мен дана өсиеттер- -Отанымыздың игілігі үшін атқаратын бастамаларымызға серпінді күш берсін.

Қасиетті құрбан айт мейрамында барша мұсылмандарға, аудан тұрғындарына зор денсаулық, ырыс-береке, шат көңіл мен қуаныш тілеймін.

Ізгі ниетпен: Қаратау ауданы əкімі-И.Кантураев

Share