«Қайнарбұлақ» саяжайы мен тұрғын алабында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында бейнебақылау камералары орнатылды

Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аудан аумағына қарасты «Қайнарбұлақ» саяжайы мен тұрғын алабында құқықбұзушылықтың, қылмыстың алдын алу мақсатында бейнебақылау камералары орнатылып, іске қосылды. Ағымдағы жылдың 28 шілдесі күні аудан әкімі – Ғ.Мәуленқұлов, қалалық мәслихат депутаты – Т.Амирбеков, жергілікті полиция қызметі басшысы – С.Жұманов және аудан әкімі аппараты мен жергілікті полиция қызметкерлерінің қатысуымен елді мекен көшесін аралап, тұрғындармен кездесу өтті.

Тұрғындар елді мекенде құқықбұзушылық пен қылмыстық әрекеттердің азайғанын айтты. Аталған игі істің іске асуына өз демеушілігін көрсеткен қалалық мәслихат депутаты – Талғат Амирбекұлына Қайнарбұлақтық тұрғындар шексіз алғыстарын жеткізді. Өз сөзінде аудан әкімі – Ғ.Мәуленқұлов бұл істер өз кезегінде елді мекен тұрғындарының қала әкімімен кездесуі кезіндегі берілген тапсырмасының нәтижесі екенін атап өтті. Іс-шараға жергілікті БАҚ өкілдері (“NARTV”,”Қазақстан-Шымкент”,”Айғақ” телеарналары, “Шымкент келбеті”, “Панорама Шымкента” газеттері) қолдау танытты.

Share