2019 жылдың 19 шілдесінде Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Исамидин Мұхитдинұлы Қантөреевтің өкімімен Кәлмен Бақдәуір Тынысбекұлы Асар аумағы бойынша Халықпен жұмыс бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

Кәлмен Бақдәуір Тынысбекұлы 1990 жылы 17 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген.
Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша бітірген, М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі магистр, Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі бакалавр.
Еңбек жолын 2009 жылы Алматы қаласындағы Қ. И. Сәтбаев атындағы Геологиялық-географиялық институтында аға лаборант болып бастаған.
Кейін әр жылдары ҚР АШМ СРК «Қазсушар» ШЖҚ РМК-да инженер, Қарағанды қ. «МедиаСнаб НС» ЖШС-да Бригадир, Астана қ. «Астана су арнасы» МКК-да аға шебер, Астана қ. «Астана ЭКСПО-2017 «ҰК» АҚ-да аға менеджер, АСТАНА Қ. ҚР ИДМ ТРМК «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» ШЖҚ РМК-да бас маман болып жұмыс істеді.
2018 жылдың қараша айынан бастап Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратында қызмет атқарып келеді.

 

Share